Мәдениет

Лаки Кесоглудың концерті

 
«Тарлан» сыйлығының иегері концерттік кешті ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» туындысымен ашты.

Бұл атақты әншінің Петропавлдағы алғашқы жеке концерті. Ұлы Ж

 

еңіске арналған ән кеші негізінен аға буын өкілдеріне, ардагерлерге арналды.

  Лаки Кесоглу,  ҚР халық әртісі:
Бүгін соғысқа арналған және өзімнің басқа да тақырыптағы әндерімді алып келдім. Ардагерлерді ұлы Жеңіспен құттықтай отырып, оларға мықты денсаулық тілегім келеді.

Сахнада «Малиновый звон», «Черные глаза», «Береза белая» сияқты әншінің  репертуарында көптен бері бар танымал әндер орындалды. Соңғысын Лаки Кесоглу Кеңес Одағында 2-ші болып айтыпты.
Сайдош Ғайсин белгілі өнер саңлағының шығармашылығын тәнті жандардың бірі. Бүгін ақсақал сүйікті әншісімен қол алысып, біраз әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды

  Сайдош Гайсин:
Білемін ғой ол кісіні. Жақсы кісі, жақсы айтады, дауысы жақсы, қазақша да біледі, орысша да біледі.

Көп жылдар бойы сахнада ән салып, көрермендерді қуантып жүрген 72 жастағы әнші әлі де бабынан тая қойған жоқ. Солтүстікқазақстандықтар өнер майталманына ыстық ықылас танытты.

Көрермендер:

– 9 майға әртістің келіп қалғаны жақсы болды. Қандай жақсы, әдемі әндер айтты. Маған «Темная ночь» деген өлеңі жақсы ұнады.
Мен өте қуаныштымын, Лаки Кесоглу осындай ұлы жеңістің мерекесіне осындай жақсы концертін әкеліп, біздің Петропавл қаласына көрсетіп жатыр. Жас, бала кезімізден бұл кісі бізге таныс. Сондықтан, әрине, ұнады.

 Айдана Демесінова