Kurultai banner mobile

Әр түрлі

Жеңіс күнін тойлауға әзірлік

 

Спорттық шаралар мамырдың алтысынан басталып кетті. Cонымен қатар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері Қазақстан Конституциясы және Горький көшелерінің қиылысынан басталатын эстафетаға қатысады. Мамырдың 7-сі шинкиокушинкай каратеден қалалық ашық чемпионат өтеді. Оған көршілес Ресей елінің спортшылары да келмек. Сондай-ақ осы айдың 7-сінен 9-ына дейін ардагерлер арасында шахматтан  жарыс ұйымдастырылады. Ал мамырдың 8-і велошабандоздар күштерін сынайтын болады.

 Асылбек Тоқбаев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
– 9 мамыр күні Погодин атындағы драма театрының алаңында спорттық іс-шаралар өтеді. Онда шахмат, дойбыдан және қызғылықты спорт түрінен ойындар өтеді.

Мамырдың 7-сі 314-атқыштар дивизиясы ескерткішіне, Жеңіс стелласына және Даңқ обелискісіне гүл шоқтары қойылады. Бұл күні петропавлдықтар түрлі сайыстарға қатысып, мерекелік концертті тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Өнер сүйер қауымға мамырдың 8-і сағат 11.00-де С.Мұқанов атындағы қазақ сазды- драма театрының ұжымы Ұлы Жеңіске арналған қойылым ұсынады.

  Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
-9-ы күні қала бойынша 3 алаңда дайындалған іс-шаралар өтеді. Театр алаңында сағат 9-да басталады. Мерекелік шеру және де концерттік бағдарлама, далалық асхана болады, сондай бағдарлама Жеңіс саябағында өтеді.

Солтүстікқазақстандықтар Ұлы Жеңіс күнінде Погодин атындағы орыс драма театрында сағат 17.00-де Лаки Кесоглудың жеке концертін көре алады.  Ал кешкі сағат 20.00-де Жеңіс саябағында концерттік бағдарлама өтеді. Бұл шарадан кейін сағат 22.00-де отшашу ұйымдастырылады.

Айдана Демесінова