ТЖ

Жас құтқарушылар ант берді

Өрт сөндірушілер Отан қорғаушылар күніне орай ант қабылдауды игі дәстүрге айналдырған. Бұл салттан биыл да жаңылмай, өртке қарсы күрес қызметінің қатарын толықтырған он құтқарушы өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етті. Ант қабылдаушылар таңдаған қызметтерінің жүгі ауыр болатынын жақсы түсінеді. Олар берген антына берік боламыз деп мойындарына үлкен жауапкершілікті артып отыр. Құтқарушылар адамдарға көмек қолын созуға әрқашан әзірміз дейді.

Бірақ әр кезде бүгін берген сертіме адал болуға тырысамын.

Бұл күні төтенше жағдайлар департаментінің үздік қызметкерлері марапатталды. Осы қызметке көп жылдарын арнаған бірқатар құтқарушылардың шені жоғарылады. Төс белгілер мен үшінші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдары де өз иелерін тапты. Бір топ қызметкер Төтенше жағдайлар министрлігінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Ал осы қызметке саналы ғұмырын арнаған Тимур Хасеновке «ҚР төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі табысталды. Шара соңында төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы салтанатты маршпен жүріп өтті.

 Айымгүл Әбілева

Алмас Ахметжанов,  № 2 өрт бөлімінің құтқарушысы:
-Ылғи адамдарға жәрдемдескім келетін. Сондықтан осы қызметті таңдағаныма еш өкінбеймін. Әрине, бұл жұмыстың қиыншылықтары бар екені сөзсіз.