Билік

Шал ақын ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Облыс әкімі Серік Біләлов  аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына жиналған депутаттарға  әкім қызметіне ұсынылған үміткермен таныстырды.  Арнас Несіпбаев еңбек жолын 1998 жылы Жамбыл облысында «Ар-Ас» ЖШС директоры қызметінен бастаған.  Біздің өңірге 2010 жылы келген. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін облыс орталығында  ветеринария бөлімінің бастығы болды. Арнас Несіпбаевтың кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдағаннан кейін облыс әкімі оны аудан әкімі етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұдан кейін Серік Біләлов  жаңа әкімді аудан активіне таныстырып,  облыстық қаржы басқармасының бастығы қызметіне ауысқан ауданның бұрынғы әкімі Азамат Әмринге алғыс білдірді.