Құқық қорғау органдары

Көліктегі рейд

 

 

 

 

 

Рейд кезінде Алматы – Петропавл бағытындағы пойызға мінген жеті жолаушының билеті болмай шыққан. Көлік прокурорларының айтуынша, олардың дені пойызға Смирнов және Тайынша станцияларында отырған көрінеді. Енді мұндай құқықбұзушылыққа жол берген жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

  Жақсыбек Аимбетов, Солтүстік Қазақстан көлік прокурорының орынбасары:
– Біз толық прокурорлық шара қолданамыз. Жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер олар өрескел бұзған жағдайда прокурорлық шара бойынша жұмыстан шығарылады.

Жаз кезінде пойызбен қатынайтын жолаушылар қатары қалыңдайды. Олардың құқықтары жиі бұзылатын уақыт та осы дейді көлік прокурорлары. Бұл кезде жолаушыларды заңсыз тасу фактілері жиілейді.

 Жақсыбек Аимбетов, Солтүстік Қазақстан көлік прокурорының орынбасары:
 -Егер құқықтары бұзылса, жолаушылар көлік прокуратурасына шағымдана алады. Я болмаса, арнайы сенім телефоны бар – 38-13-15 нөміріне хабарласып, бізге арыздануға құқылы.  

Мұндай тексерістерді көлік прокурорлары жылына бірнеше рет жүргізеді. Өткен жылы олар рейдке үш мәрте шыққан. Нәтижесінде бірнеше жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Айымгүл Әбілева