Білім

Ғарышкер жерлесіміз атындағы шәкіртақы

Петропавл құрылыс-экономика колледжінің шәкірттері осымен 10-шы рет жерлес ғарышкердің марапатына ие болып отыр. Алайда бұған дейін студенттерге қаржылай сый беріліп келсе, соңғы екі жылда ерекше көзге түскен тәлімгерлер тегін оқу жүйесіне көшіріледі. Бағы жанып, Александр Викторенконың шәкіртақысына ие болған белсенділердің саны 9. Талаптыларды   ғарышкер, Кеңес Одағының батыры Александр Викторенко өзі марапаттады.

  Александр Викторенко, ғарышкер-ұшқыш
-Бұл отбасы үшін үлкен көмек болмақ. Және өзгелердің де оқуға деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттыратын шара.

Тасы өрге домалаған студенттердің ішінде жасы жағынан ең кішкентайы Меруерт Аманкелді. Білімі жағынан қатарластарынан асып түсіп, қоғамдық шараларға белсенділік  қатысқан қыз ендігі уақытта тегін білім алатынына қуанышты

  Меруерт Аманкелді,  А.Викторенко атындағы шәкіртақының иегері:
– Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Өйткені мен біздің жерлесіміз Александр Степанович Викторенкодан диплом алдым. Бұл мен үшін де, ата-анам үшін де жеңілдік болмақ.

Колледж ұжымы бүгінгі марапат өзге студенттерге де ой тастап, олардың белсенділігін арттыратынына үмітті.

 Айдана Демесінова