ТЖ

Өрт сөндірушілер арасында петропавлдықтар ең үздігі

 

 

 

 

Сайыс екі кезеңде өткен. Облыстық сында кез келген жағдайға жан-жақты дайындықтарын көрсете білген оларға тең келер бөлім болмады. Байқаудың республикалық деңгейінде Ержан Таласбаев басқарған осы құрама 16 өңірден келген өрт сөндірушілерден басым түскен.

 Ержан Таласбаев, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, капитан:
-Біздің ғимараттағы өрт сөндіру депосы барлық талапқа сай келеді, психологиялық дайындық пен өрт кезінде құтқару тәсілдеріне үйрететін оқу мұнарасы бар. Сондай-ақ көбіктендіргіш құралды сақтайтын арнайы көбік қоймасы да бар.  

Ғимарат маңындағы тиісті жабдықтар қатарында азаматтық қорғанысқа машықтану үшін бомбадан қорғанатын пана да салыныпты. Оның ішіне 150-ге жуық адам сияды. Дегенмен, жұмыс сапасы алдымен жеке маманның дайындығына байланысты.  Тілсіз жаудың абайсызда алқымнан алатын кезеңі жақындап қалды. Сәйкесінше  республикадағы үздік өрт сөндіру бөлімі кез- келген жағдайда оқыс қимылдауға әзір. Айтқандай, аталған байқаудың сыйы ретінде оларға су жаңа техника мен арнайы жұмыс киімі берілмек.

Кәусар Аяпбергенқызы