Әр түрлі

Батыр атындағы көше

 

 

 

 

Никифор Ахременконың есімі Солтүстік Қазақстан облысының шежіресінде мәңгі сақталады. Ол Қызылжар ауданының Новоникольское ауылында дүниеге келген. 1941 жылы 27 жасында Қызыл әскерге шақыртылған. Майданда атқыштар ротасының бөлімшесіне басшылық етіпті. Ержүрек азамат 1945 жылы қаңтардың 12-сінде Кривоград облысында орналасқан Каниж ауылын жаудан азат ету барысында ерлікпен қаза табады.

  Вера Андреева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозиция және көрмелерді ұйымдастыру маманы:
Ахременко танкке қарсы гранаталарды өзіне байлап алып, жау машинасының астына құлайды. Сөйтіп ол біздің жауынгерлерге фашисттердің қорғанысын бұзуға көмектесті. Осы ерлігі үшін  1944 жылы Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.  

Соғысқа дейін Кеңес Одағының батыры Никифор Ахременко локомотив депосында еңбек еткен. Сол себепті бұл көшеге 1975 жылы батыр жерлесіміздің  есімі берілді. Алайда тұрғындардың бәрі бірдей біле бермейтін көрінеді

Тұрғындар:

-Меніңше, ол Ұлы Отан соғысына қатысушы, Отан қорғаушы .
– Бұрын мұнда Ахременко жұмыс істеген, осыннан майданға аттанды, соғыста ерлікпен қаза тапты, сосын көшеге оның есімі берілді. 

– Оның кім екенін білмеймін.
– Жоқ, білмеймін.  

Облыс бойынша Кеңес Одағының батыры атағы 54 жерлесімізге берілген. Қаламыздың 10 көшесі Әбу Досмұхамбетов,  Хименко, Гуденко сияқты ержүрек жауынгерлердің есімдерімен аталды. Кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған азаматтардың ерлігі мәңгі есімізде сақталмақ

Айдана Демесінова