Әр түрлі

Мамырдағы ауа райы

 

 

 

Айдың ең алғашқы күні мерекеге тарту жасағандай солтүстікқазақстарды ерекше қуантты. Тек одан кейінгі күндер еңсені басып бұлыңғыр тартып кетті. Алғашқы онкүндікте күннің осы райы сақталатын көрінеді.

 Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорологиялық орталығының метео болжау бөлімінің бастығы:
-Бірінші онкүндікте ауаның басым температурасы түнде 2-10 градус жылы, күндіз 13-20 жылы болады. Онкүндік соңында 2 градус аяз, 3 градус  жылыға, күндіз 11-16 жылыға дейін төмендейді.

Осы айда орта есеппен ауа температурасы 12-16 градус жылылықты көрсетеді. Қалалықтар қаламаса да өңір диқандары жиі күтетін жауын-шашын бұл айда молынан болмақ.

Гүлзат Ғазизова, СҚО гидрометеорологиялық орталығының метео болжау бөлімінің бастығы:
-Бірінші және екінші  онкүндіктерде жиі-жиі, 3-сінде кей жерлерде жаңбыр жауады. Бірінші онкүндік соңында және 2-нің ортасында тұман болуы ықтимал.  

Мамандар болжамы қаншалықты дәл болғанымен Сарыарқаның құбылмалы ауа райы кез-келген сәтте өзгеріп сала беретіні жергілікті тұрғындар үшін таңсық емес. Демек, мамыр айы әдеттегідей мамыражайлығын танытады деп күтілуде. Тек осы онкүндік соңында аздаған аяз болуы ықтимал. Дегенмен 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс мейрамын ашық аспан мен күлімдеген күн көзінің аясында қарсы алатын боламыз.
Кәусар Аяпбергенқызы