Мәдениет

Николай Погодин атындағы орыс драма театрында кезекті премьера

Оқиға тікелей өмірдің өзінен алынған. Той-домалақ барысында дос-жарандар бір-бірін басқа қырларынан тани бастайды. Бұндай ащы шындықты “Фанты” ойыны ашып береді. Николай Погодин атындағы орыс драма театрының сахнасына шығарылған спектакль де дәл осылай аталды. Жеңілгендер жеңгенге бағалы заттарын беріп, кейін қайтару үшін оның айтқанын орындауы тиіс. 21 ғасыр жастарының ойыны ақырында отқа айналды. Өткені қатысушылардың біріне адам өлтіру тапсырмасы түседі.  Бағы жанбаған кейіпкер Никита болатын. Оның рөлін Алексей Никулин сомдап шықты. «10 жыл бұрын өзімнің қандай болғанымды еске алғандықтан, Никита образына ену аса қиын болмады» дейді актер.

 Алексей Никулин, актер:
– Барлығымыз бірігіп, бір- бірімізге көмектестік. Қойылымды сахналау, әрине, оңай болмады. Дегенмен жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, әріптестерімізге қолдау көрсеттік.

Қойылым режиссері – Екатеринбург театр институтының түлегі Елена Сакович. Бұл жас режиссердың дипломдық жұмысы болатын. Бойжеткен алғашқы туындыны сахналағанда ұжымның көмегі мол болғандығын айтады.

  Елена Сакович, қойылым режиссері:
– Мен қозғаған тақырып жастардың қатыгездігі жайлы. Олар пайда табу үшін тіпті адам өлтіруге де дайын. Бұл жайлы әркімнің ойланғаны жөн болар.

Спектакльді тамашалаған көрермендер қойылым режиссерінің түпкі идеясын қолдау білдірді.

Көрермендер:

-Қойылым жақсы болған сияқты. Қазіргі заманға сай келіп тұр. Жастардың мінез-құлқы барлығы көрініп. Демалып қайттық.
-Маған спектакль ұнады. Біздің өмірімізде осындай жағдайлар кездеседі.

 Айдана Демесінова