Білім

Бүлдіршіндер арасындағы ғылыми жобалар байқауы

 

 

 

 

Бұл  байқау ғылымға ерте бастан ден қойған жас зертеушілердің ізденімпаздығын бағалайтын алғашқы баспалдақ. Тақырыпта шектеу жоқ. Әл-Фараби мектеп-лицейінің 4-ші сынып оқушысы Тарлан Сейдімбек өз еңбегінде балалар жақсы көретін тәтті газдалған сусынның ащы шындығын ашуға тырысқан.

Тарлан Сейдімбек, Әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:
–  Бұл тақырып мені қатты қызықтырды. Себебі тәтті сусындар өте зиянды. Құрамында химиялық қосындылары көп. Мен ұстазыммен шегедегі татты кока колланың көмегімен кетірдік. Бұл денсаулыққа өте зиянды. Осылайша адамдарға көмек жасағым келді.  

Мектеп оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуді көздеген байқаудың облыстық кезеңіне үздік деген 19 жоба іріктеліп алыныпты. Әсіресе ауыл жасөспірімдерінің тың идеяларға толы  еңбектері басым. Мысалы, Аққайың ауданындағы Тоқшын мектеп-гимназиясынан үш бірдей зерттеу жұмысы облыстық байқауға өткен.

 Әсем Жармұхамбетова, Аққайың аудандық Тоқшын мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі:
– Бізге де оқушыларға да өте маңызды шара деп есептеймін. Оқушылардың ізденуіне, тілдерін дамытады, қызығушылығын арттырады. Біз Елбасы жолдауында атап кеткендей үш тұғырлы тіл, мақал- мәтелдердің мағынасын ашып зерттедік.  

Сайыскерлер негізінен туған өлкеге қатысты зерттеулерін ұсынды. Жас та болса өңірдегі түрлі мәселелерге немқұрайлық танытпай, шешу жолдарын ұсынған. Шығармашылық дарындарын ортаға салып,   өлең жазып, сурет салып әкелгендер де болды. Басты талап ғылыми жобаның өзектілігі мен тақырыбының сәйкестігі.

  Қарашаш Жамантаева, СҚ педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқытушысы:
– Қазірігі бастауыш буын заманға сай тәрбиеленіп жатыр. Оған білім беріп жатқан құзыретті ұстаздар да бар. Сондықтан біз ойлаймыз бұл байқау көптеген мүмкіндіктер мен мақсаттарға жеткізеді. Біріншіден көздегеніміз –  оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалау, өздік  жұмысқа баулу.  

Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің оқытушылары да балабақша табалдырығынан бөбектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру жөніндегі өз зерттеулерімен бөлісті. Үздік жоба авторлары өңір намысын республикалық “Зерде” байқауында қорғайтын болады. Ал кішкентай дарындардың жетекшілері білім саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясында шеберлік сабақтарын өткізуге мүмкіндік алады.

Гүлден Сәрсенбаева