Қоғам

Қазақстан халқының бірлігі күніне әзірлік

Бір шаңырақ астындағы тату халықтың мерейлі мерекесі Петропавлда салтанатты шеруден басталады. Ұлттық киімдермен сәнденген шамамен 1000-ға жуық жерлесіміз қалалық мәдениет және демалыс саябағынан бастап орталық алаңға дейін көңілді маршпен жүріп өтеді.

 Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдер бөлімінің бастығы:
– Қазақстан Конституциясы көшесінде үлкен шаралар өтеді. Ассамблея алдында киіз үйлер қойылып, онда ұлттық тағамдар, ойындар көрсетіледі.

Мереке күні петропавлдықтар бір ғана Орталық алаңда емес, 3 бірдей ауданда сауық құрады. Жеңіс саябағында бүлдіршіндерге арналған бағдарлама ұйымдастырылмақ. Қадірменді қариялар үшін де жағымды жаңалық бар.

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдер басқармасының бастығы:
 -2 мамыр күні мәдениет және демалыс саябағында қарияларға арналған би кеші басталады. Соған шақырамыз.  

Мерекенің басты ошағы Орталық алаңда қала өнерпазпаздары ән мен биден шашу шашады. Сондай-ақ жиналған жұртшылық бірігіп  «Қара жорғаны» билейді деп жоспарлап отыр қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Кәусар Аяпбергенқызы