Билік

Президенттен – алғыс хат

 

 

 

Ел тағдырын шешкен тарихи маңызды науқанға атсалысқан қазақстандықтардың 95,5 пайызының таңдаулары бір жерден тоғысқаны мәлім. Сайлауға қатысқан тілегі бір көптің қалауы жарқын болашақтың іргесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге салу. Мемлекет басшысының жоғары лауазымды қызметіне ресми түрде кірісіп, елдің тағы бір тарихи кезеңге нық қадам басқанына 20 күн  болды.

 Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзсіз жеңісі бұл –  Қазақстан халқының сенімі. Әрбірі сайлау учаскісіне келіп, ортақ үйіміздегі бірлік пен бейбітшілікке, еліміздің дамуына, өздерінің жарқын болашағына дауыс берді. Сондықтан бұл баршаға ортақ жеңіс. Әсіресе сайлау науқанында қоғамдық штабтар, сенімді тұлғалар мен еріктілер бір адамдай жұмылып, табысты еңбек етті.

Облыс әкімі Серік Біләлов өңір бойынша сайлау науқанына белсенді қатысқандарды ҚР Президенті, “Нұр Отан” ХДП төрағасы Нұрсұлтан ӘБішұлы Назарбаевтың атынан алғыс хатпен марапаттады.
Салтанатты жиында бұндай ерекше құрметке 64 нұротандық бөленді. Өнер майталмандары, дәрігер, диқан, халық қалаулысы,  қызметтері түрлі болғанымен мақсаттары ортақ – еліміздің жарқын болашағына еңбек ету.

 Кәрібай Мұсырман, “Қызылжар-Ақпарат” КМК директоры:
– Солтүстікқазақстандықтар осы сайлауда бұрын соңды болмаған белсенділік танытты. Елбасының нағыз тірек өңірі екенін тағы дәлелдеді. Тұңғыш Елбасымызды қолдау азаматтық парызымыз деп түсінеміз. Азды- көпті сіңірген еңбегімізді жоғары бағалағаны үшін ел басына көп рахмет айтамын.

Жалпы өңір бойынша кезектен тыс Президент сайлауына  аса белсенділікпен атсалысқан 300 солтүстікқазақстандық Елбасының алғыс хаттарына ие болды. Сондықтан өзгелері жұмыс орындарында марапатталмақ. Кездесудің соңында өңір жетекшісі жиынға қатысушыларды алдағы мақсаттарға жетуде дәл осы қарқыннан қайтпай бір адамдай белсенділік танытуға шақырды.
Серік Біләлов кейін партия кеңсесінде азаматтарды қабылдады. Бұл жолы 6 өтініш қаралды. Оның екеуі тозығы жеткен көпқабатты үйлерді жөндеуге қатысты.

 Серік Біләлов, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасы:
-Мемлекет бізге тұрғын үй шаруашылығын қалпында ұстап, жөндеуге 1 млрд теңге бөледі. Оның ішінде шатыр, жылу желісін жөндеу мен ауланы абаттандыру қарастырылған. Ол үшін жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қажетті құжаттарды жинап өтініш жазуы керек.

Серік Біләлов тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынып, бірі де назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Жеңіс Ермұқанов