Мәдениет

Нұрғиса Тілендиев шығармашылығына арналған кеш

Бір кездері Нұрғиса Тілендиевтің өз сүйемелдеуімен орындалып, естіген құлақтың құрышын қандырған  әуендер «Есіл» оркестрінің орындауында ешбір кем түспеді. Әл-Фараби рухына арналған «Аңсау», «Қыз Жібек» фильмінде орындалған «Аққу» күйлері әр тыңдарманның жанын баурап алды. Ал жеке орындаушылар әнге деген өз қызығушылығына қарай әуенге өзіндік нақыштарын қосқаны байқалды.

 Кенжекей Ақжолова, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әншісі:
-Өткен жылы жеке концертімді бердім. Сол кезде оркестрмен неге өлең айтып көрмеске деп ойладым. Бас-аяғы он шақты әннен бастадым. Содан кейін оркестрге деген қызығушылығым оянды. Оның үстіне тірі дауыста орындалған ән адамға шабыт береді, өнерге деген талпынысыңды арттырады. Сондықтан мен өте қуаныштымын.

Күміс көмей әнші Жанат Алпыспаева қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың шәкірті. СҚО филармониясының құрамына ол 7 жыл бұрын арнайы шақырумен келіп қосылған болатын. Кеште ол Нұрғиса Тілендиевтің «Ақ шағала», «Жүрегім менің»    атты белгілі шығармаларын орындады.

Жанат Алпыспаева, облыстық филармония әншісі:
– Репертуарымда ол кісінің көптеген өлеңдері бар. Лирикалық және жеңіл, опералық деңгейдегі әндері осы кеште орындалады.

Нұрғиса Тілендиев қазақ өнерінің кенішін бір өзі бес жүзге жуық қайталанбас туындыларымен толықтырғаны белгілі. Кеште әуелеген әр әуен дирижер Қайырлы Ғафуровтың сүйемелдеуімен орындалды.  

Көрермендер:

-Өте ұнады. Үлкен бір ләззат алдық. Жастар атынан айтарымыз осындай жақсы концерттер жиі болып тұрсын.
– Оркестр жақсы, өлеңдері жақсы. Көп рахмет айтамыз.

Жергілікті жұртшылықтың алғысына бөленген талантты өнерпаздың енді Астана халқын өнерімен тәнті етпек ойы бар екен.

 Қайырлы Ғафуров, «Есіл» қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекшісі және дирижері:
-Филармонияның кезекті маусымының жабылу концертіне дайындаламыз. Июнь айында Астанада мәдениет күндерінде жеке концерт береміз және үлкен гала- концертке қатысамыз.

 Кәусар Аяпбергенқызы