Туризм

Ішкі туризмді дамыту маңызды

 

Бүгінде қаладағы бірнеше туристік орталықтар альпинизм, атты және жаяу туризм бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Туристік секциялар мен үйірмелерге 200-ден астам бала барады. Бос уақыттарын тиімді өткізуге талпынған оқушылардың қатары  жыл сайын артып келеді дейді туристік орталық жетекшілері. Бірақ мәселелер де жоқ емес. Соған қарамастан биыл туристік аймақты кеңейтіп, үйірмеге қатысам деген балаларды барынша көбірек қамту көзделіп отыр.

  Асылбек Тоқбаев, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
-Кадрлар жетіспейді, қазақша сөйлейтін гидтар жоқ. Оқу-тәрбие құралдары ескі, заман талабына жауап бермейді. Бізде 17 турфирма бар. Солардык көбі ішкі туризмге көп көңіл бөлсе дейміз. Көп ретте олар сыртқы туризмге мән береді.

Айымгүл Әбілева