Білім

Бизнеспен әлеуметтік әріптестік – сапалы кадрлар даярлау кепілі

 Бүгінгі қоғамның басты талабы – кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамту. Ал кәсіптік білім беруші мекемелердің міндеті –  сәйкесінше жақсы мамандар даярлап шығару. Көзделген мақсатқа жету үшін үздіксіз өзара байланыс орнату қажет. Бүгінгі отырыс соның бір көрінісі.

 Анатолий Фурманюк, №2 кәсіптік лицей директоры:
-Біздің лицейде 3 жыл көлемінде тәлім алатын студенттер ЗИКСТО, ПЗТМ сияқты зауыттарға тәжірибеден өтуге барады. Кейін олар өздеріне қандай мамандар қажеттігін айтады, ал біз сондайларды дайындауға тырысамыз.

Кезекті оқу жылының тәмамдалуына көп уақыт қалған жоқ. Студенттердің алдында өндірістік тәжірибеден өтіп, білімдерін іске жарату мақсаты тұр.

 Дархан Тәшенов,  №2 кәсіптік лицей студенті:
-Токарь мамандығын таңдағаным маған ұнайды. 1-2 курста практикадан өттік. Алда токарь және басқа мамандықтарды алып жұмыс істеймін.

Өткен жылы «Петропавл ауыр машина жасау зауытында»  №2 кәсіптік лицейдің 36 студенті тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін бекітті. Биыл да аталған зауыт оларды қуана қарсы алмақ.

 Лариса Луценко, «ПЗТМ» АҚ кадрлар  жөніндегі жетекші инспектор:
-Бізге білікті мамандар, оның ішінде токарь, инженер, темір ұсталары қажет. Егер тәжірибеге келген студенттер өз істеріне жауаптылықпен қарап, жақсы жұмыс атқарса, біз оларды қалдырамыз.

Осылайша елде қолға алынған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға әр тарап мүмкіндігінше үлесін қосады. Ал мамырдың 10-ы күні Елбасы тапсырмасы бойынша жергілікті салалық кеңес құрылмақ.

Кәусар Аяпбергенқызы