Балалар

Әскерге шақыру науқаны

15 солтүстікқазақстандық бозбала әскери борышын республикалық  Ұланда  өтейтін болады. Бұл жасаққа кез-келген азамат қабылдана бермейді. Аталмыш әскер құрамына ену үшін  жігіттер Қазақстан Республикасы аумағында 5 жылдан кем тұрмауы тиіс. Сондай ақ  Ұланның болашақ сарбаздары бойшаң, денсаулығы мықты өрендер болуы шарт. Бойына осы аталған қасиеттердің барлығы табылған жерлестеріміздің бірі – Жандос Исатаев.

  Жандос Исатаев:
-Бүгін “Ұлан” әскери жасағына сарбаз болып қабылданғалы тұрғаныма қуаныштымын.

  Жандос Исатаев:
-Бүгін “Ұлан” әскери жасағына сарбаз болып қабылданғалы тұрғаныма қуаныштымын.

Борышымды абыроймен өтеймін деген ойдамын. Мүмкін келісімшартпен сонда қалатын да шығармын.

Ұлын  әскерге шығарып салуға анасы Ләззат Исатаева келіп отыр. Перзентінің игі ісін құптап отырған ана баласының алдыңғы қатарлы әскери жасаққа қабылданғанына қуанышты.

Ләззат Исатаева:

-Балам элиталық әскер қатарына, республикалық гвардияға кетіп бара жатқанына бір жағынан қуаныштымын. Аман-есен барып келуіне, әрине, тілектеспін. Қазақта сөз бар ғой “Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысар” деген мен де баламның үйде отырып тілеуін  тілеп, аман-есен оралуына тілектеспін.  

Бүгін Отан алдындағы борыштарын өтеуге болашақ сарбаздардың бірнеше легі аттанады. 39   жігіт Алматы, Тараз қалаларындағы әскери бөлімдерге жол тартты. Іріктеу кезеңінде жастардың біліміне, денсаулығына баса назар аударылыпты.

 Дулат Ғабдуллин,  Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының бастығы:
– Бүгін міне ҚР заңы бойынша әскери міндет, әскер   қатарына шақырылып жатыр.
Салтанатты түрде 2 команданы аттандырғалы тұрмыз. Бүгін міне 3-4 команда аттанады.

Ендігі уақытта Ішкі әскер және шекарашылар қатарына сарбаздар іріктелетін болады. Ұландарды әскер қатарына шақыр маусым айының соңына дейін жалғаспақ.

Айдана Демесінова