Қоғам

Қоқыс басқан аумақтар әлі аз емес

 

 

Сәтпаев көшесіндегі емхана қызметкерлері  мен жиырма бесінші үйдің тұрғындары өздеріне қарасты аумақты бөлмеген. Нәтижесінде емхана ғимараты мен тұрғын үйдің арасында нағыз қоқыс үйіндісі пайда болыпты. Және онымен ешкімнің ісі жоқ көрінеді. Әрі бұл көрініс көп жылдың жемісі екені айқын. Локоматив депосы ауданындағы жағдай да мәз емес. Мұндағы гараждар маңын кімнің тәртіпке келтіруі тиіс екені беймәлім. Ал көше тұрғындарының өз үйлерінің жанындағы тазалыққа бейжай қарамайтыны көрініп-ақ тұр.  Театр көшесіндегі 47 үйдің тұрғындары аумақты тәртіпке келтіруге асығар емес. Ал Жамбыл көшесінде, сірә, ең жауапты петропавлдықтар тұратынға ұқсайды. ДСР ауданында олар қоқысты тек сенбі күні ғана жинамайды. Бүгін де тұрғындарды жұмыс үстінде жолықтырдық.

 Александр Романьков:
Зейнеткерлер шығып жинаймыз. Қоқысты жинап үйіп қойдық. Су – 808 кәсіпорнынан көлік сұрадық. Техника бергесін қоқысты қала сыртына шығарамыз.

Юбилейный көшесіндегі құрылысы жүріп жатқан нысандардың жанындағы орман іші қоқысқа толы. Бұл жерді тазалап жүрген адамдар осы маңдағы үйлердің тұрғындары емес, “Коммунхоз” кәсіпорнының қызметкерлері болып шықты. Победа көшесіндегі “Нан-плюс” дүкенінің аумағы да жиналмаған. Айтпақшы, дүкеннің дәл қарсы тұсында есігі айқара ашылып жатқан қоғамдық дәретхана тұр . Күрестен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанында құрылыс қоқысы шашылып жатыр. Екі сенбілік өткенімен, Петропавлда абаттандыру жұмыстары әлі де жетерлік.

Айымгүл Әбілева