Өнеркәсіп

Көпсалалы жадбықтар зауыты даму жолында

Үстіміздегі жылдың 3 айы ішінде зауыт өндірісінің өсімі 41 % құрады. Жұмыстың мұндай үдемелі қарқынына өндіріс орны соңғы 3 жылда ғана іліккен. Оған дейін кәсіпорында қазіргі 176 адамның орнына 100 шақты жұмысшы еңбек етті. Шығаратын өнім түрі де әлдеқайда аз еді. Қазіргі жағдай мүлде бөлек.

 Сергей Федосеев, «Көп профильді зауыт» ЖШС директоры:
 -Біздің негізгі бағытымыз – пайдалы қазбаларды өндіретін бұрғылар, станоктар жасау.   Алда жаңа құрылғыларды игеру жоспарымызда бар. Шетелдік компаниялармен жақсы қарым-қатынастамыз.

2009 жылы зауыт үздік кәсіпорын атағына ие болған. Бар өндірістің жүрегі мына цех. Ішінде толған станоктардың бірде бірі шетелдік емес. Бәрі кеңестік кезеңнен қалған. Есесіне сапасы да соған лайық. Нағыз болаттай берік темірлер осында жасалады. Жұмысшылардың қолында зілдей металдар ұршықтай айналып, қалаған икеміне келеді. Қырнаушы қызметіндегі Виктор Забавин 7 жыл істеген өз станогын тастап, басқа техниканың тілін меңгеру үшін осында ауысыпты.

Виктор Забавин, токарь:
-Түрлі бөлшектерді өңдеу, саңылауларды қайрау, істіктеу. Мұның бәрін үйреніп алғанша, іске көше алмайсың.
Толық икемделу үшін жылдар кетуі мүмкін. Бірақ жаның қалаған іс болса ештеңенің де қиындығы жоқ.  

Цехтағы жұмысшылардың 30% жас мамандар. Кейінгі толқынның білімі мен біліктілігіне сай келетін жаңа техника да жоқ емес. Металды термиялық өңдеуден өткізетін станоктар мен үлкен қысымды пештер осыдан тура 1 жыл бұрын Ресейдің Екатеринбург қаласынан әкелініпті. 3 пештің бірінің қызу күші 1200, қалған екеуінікі 1700 градусқа дейін жетеді.

 Андрей Корташов, инженер-технолог :
-Термиялық өңдеусіз заманауи өндірісті елестету мүмкін емес.
Бір жыл бұрын қажет металды басқа кәсіпорындардан тапсырыс бойынша алатынбыз. Қазір бәрін еш қиындықсыз өзімізде жасаймыз.

2011 жылға зауыт 790 млн теңгеден асатын тапсырыстарды қабылдаған. Бұл жұмысшылардың тұрақты жұмыс орны мен қалыпты жалақысы бар деген сөз. Кәсіпорын басшысы бұл жетістіктіктерін елдегі оң саясаттың жемісі деп біледі.

Кәусар Аяпбергенқызы