Әр түрлі

Еңбек заңдылығы сақтала ма?

Еңбекті қорғау қоғамдағы басты мәселеге айналған. Кәсіпорын басшыларынан жұмыста қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қатаң талап етіледі. Дегенмен, өткен жылы облыста 13 адам жұмыста жарақат алып, көз жұмған. 12 адам мүгедектер қатарын толықтырған. Үстіміздегі жылы жағдай жақсарғандай.

  Арман Жәлелов, СҚО бойынша әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің бас еңбек инспекторы: 2011 жылдың бірінші тоқсанында өндірісте қаза тапқандар тіркелген жоқ.

 



Алайда, жалақы қарызы азая қойған жоқ. Бірнеше айлап жалақы төлемегендердің ісі прокуратура қызметкерлерінің назарында.

  Жаслан Смағұлов, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

-Жыл басынан бері прокуратура қызметкерлінің қатысуымен 158 миллион теңгенің жалақы қарызы өтелді. 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Прокурора қызметкерлері өткен жылы 496 миллион теңгенің жалақы қарызын өндіріп алған. Екі кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Семинарда сөз алған мамандар кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілеріне еңбек заңнамасына қатысты біраз ақпарат берді. Ұжымдық келісімшарттар жасау, қауіпсіздік талаптарын орындау, адам өмірін сақтандыруға қатысты бірқатар баяндамалар жасалды. Солтүстікқазақстандық кәсіпорындар бұл жұмысқа барынша көңіл бөлуде.

  Наталья Гриднева, «СҚ таратушы электр желілік компания» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы:

– 2010 жылы арнайы киім, сақтандыру құралдарын алу, жұмысшыларды медициналық тексерістен өткізу үшін 15 миллион 945 мың теңге бөлдік. Кәсіпорында асхана ашылды.

Семинар соңында жұмыс орындарында барынша қауіпсіз жағдайлар жасаған, әлеуметтік әріптестікке ерекше көңіл бөлген кәсіпорындар басшыларына алғыс хаттар , естелік сыйлықтар табыс етілді.

Әсем Рахметова