Спорт

Солтүстікқазақстандық жүзгіштер жеңісі

 

 

 

 

Брасс, кроль, баттерфляй, арқамен жүзу  әдістері бойынша универсиадаға қатысушылар барлығы 30 түрлі қашықтық бағындырулары тиіс еді. Міне, екі жарыс күні артта қалды. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Дмитрий Гапотченко осы уақытта  жеті бірдей медальді қанжығасына байлап үлгеріпті.

 Дмитрий Гапотченко, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Мен 4 бірінші, ақтық сындарда жол беріп, тағы екі медаль еншіледім.Үздік үштікті тұйықтадым. Соңғылары кешенді эстафетаның нәтижесі. Спринтерлік қашықтықтар мен бір спайерлік жарыс жолында жеке-дара келдім. Еркін және арқамен жүзу әдістерінен күміс алқа асындым.

Осылайша, 6-шы жазғы универсиаданың бас жүлдесін Дмитрийдің командаластары – СҚМУ құрамасы жеңіп алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жүзгіштері екінші орынға қол жеткізді. Өздерін суда балықша сезінетін қос құрама өкілдері сайыс қорытындысы бойынша бірдей ұпай жинапты. Алайда жергілікті студенттерде алтын алқалардың саны басым.

 Қуат Мақашев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің аға оқытушысы:
– Командамыз жақсы орындар алды. Сонау Алматыдан босқа келген жоқпыз. Жалпы айтатын болсақ, жарыс жақсы ұйымдастырылған. Бассейнді көріп қуанып отырмыз. Студентерге жақсы көмек, денсаулыққа пайдалы.

Жалпыкомандалық есепте Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері үшінші орынға тұрақтады. Енді еліміздің ЖОО спорт сүйерлері президенттік көпсайыстан бақтары мен баптарын сынап, өз ара мықтыны анықтайтын болады.