ТКШ

ТКШ саласында үлкен өзгерістер болады

 

Бүгінгі күні облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ақсап тұр десе ешкім қарсы дау айта алмас. Қаладағы су көздері, канализация желісінің 65-70 пайызы әбден тозған. Жылумен қамту жүйелері мен жолдардың жағдайы да мәз емес. Жуық арада осының бәрін қалпына келтіретін тың жоба қолға алынады.

 Сергей Худяков, қалалық мәслихат депутаты:
– Кеше үкіметте өткен отырыста барлық жергілікті басшылыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағытында жаңа бағдарлама таныстырылды. Келесі аптада ол министрлікте талқыланады, барлығы ойдағыдай болса, 1-мамыр күні оған Президент қол қоюы тиіс.

Бағдарлама бойынша тұрғын үйлерге көп көңіл бөлінбек. Ескірген ғимараттар жөнделіп, жаңа үйлер құрылысы қарқын алады. Бүгінгі күні елімізде 260 млн шаршы метр тұрғын үй бар болса, соның 4 млн шаршы метрі пайдалануға жарамағандықтан бұзылуы тиіс екен. Жиынға қатысқан ауыл шаруашылығы қызметкерлері Үкіметтің бұл бастамасына азаматтық тұрғыдан қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

 Ербатыр Мадияров, АШМ Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының бастығы:
-Бұл бағдарлама әр адамның хал-ахуалын жақсартуға көмектеседі. Еліміздің жылдан-жылға дамып келе жатқандығы соның айғағы. Коммуналдық шаруашылықты дамытуға бізде көп көңіл бөлінеді.  

Ауқымды жұмыстың орындалу деңгейін халық бағалайтын болады. Ол үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізілмек.

Кәусар Аяпбергенқызы