Билік

Көш бастаушылар мен кейін тартушылар анықталды

Республика өңірлерінің даму деңгейін жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары баяндады. Жергілікті атқарушы биліктің жұмысы экономиканың бес бағыты бойынша салмақталды. Олар жұмыс істеп жатқан компаниялар табысының өсімі, еңбекақы қоры, салықтың бюджетке түсуі, жалдамалы  жұмысшылардың қатары мен негізгі капиталға құйылған инвестициялар. Сараптама жұмыстары СҚО Республиканың 14 өңірінің ішінде 12 орынға тұрақтағанын көрсеткен. Аймақ экономикасының өсімінде кенжелеп қалған тұстар бар.

 Наталья Зверева, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары:
-Облысымыздың экономикалық дамуының барлық салаларында төмендеу байқалады. Мәселен, 2009  жылмен салыстырғанда заңды тұлғалар саны 2,4 пайызға кеміді. Бюджетке салық төлеуден өңіріміз 7 орында. 279 млн теңге берешегіміз бар. Инвестиция тартудан 11-ші сатыдан көріндік. Облыста жұмысшыларға 46,8 млн. теңге жалақы  берілмеген.

Аудан әкімдерінің былтырғы қызметі де 5 бірдей статистикалық мәліметке сүйеніп бағаланды. Сараптама көрсеткендей Петропавл қаласы мен Айыртау және Қызылжар аудандары шағын және орта бизнес нысандарының ашылуы жөнінен алда келеді. Олар сондай-ақ салық өтеуде де көш басында екен. Жалпы облысымызда өткен жылы 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болыпты. Жоспарды Ақжар мен Шал ақын аудандары жақсы орындаған. Барлық аудандарда ауыл және балық шаруашылықтарындағы жалақының орташа көрсеткіштен 30 пайызға төмен екендігі анықталды. Жалпы көрсеткіштер бойынша М.Жұмабаев ауданы топ бастады. Сондай-ақ Қызылжар, Жамбыл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласы экономикасы тұрақты әрі қарқынды өсіп келеді деп танылды. Ал Ақжар, Тайынша, Мамлют, Есіл аудандары көш соңында қалды. Өзге аудандардың дамуы орташа деңгейде.

Облыс әкімі Серік Біләлов барлық көрсеткіштер бойынша соңғы орында жайғасқан Есіл ауданының әкімі Асқар Бекмановтың  жұмысын қатты сынға алды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Өндірістің дамуы, түлектердің мемлекеттік грант иеленуі жөнінен 12, қылмыстарды ашудан 14-ші Тіпті спорттың дамуы да соңғы орында. Мұның себебі қандай?

  Асқар Бекманов, Есіл ауданының әкімі:
2009  жылы гектар берекелігі 17 центнер болды. Өткен егіс науқанында 1 гектардан орта есеппен 10 центнер алдық Түлектеріміздің 83 пайызы ҰБТ қатысты. Көбі грант берілмейтін заңгер, қаржыгер мамандықтарын таңдады. Ал спорт жағынан біз статистикалық мәліметтермен келіспейміз. Кінә өзімізден. Ақпаратты уақытында жібермедік.  

Өңір жетекшісі барлық аудандар әкімдеріне бұл мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
Аудандағы экономикалық көрсеткіштерді қайта сараптап, әрі қарай дамудың жолдарын іздеу керек. Бүгінгі төмен көрсеткіштердің себептері көп, сондай-ақ, статистика мамандарымен жұмысты жақсарту керек. Тоқсан сайын мониторингтің нәтижелері талқыланатын болады.  

Жиында Үкімет басшысының тапсырмасымен тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай республикада жарияланған балалар байқауының барысы да талқыланды. Тақырып: Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістіктері – балалар  көзімен. Жалпы республикалық шығармашылық байқауға дарынды жеткіншектер сурет, шығарма, бейне роликтіктер мен фото суреттерді жібере алады.  

  Төлебай Әділов,  ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі департаментінің директоры:
Байқауға 1 11 сынып оқушылары қатыса алады.Түрлі аталымдар бойынша өтеді. Қатысам деген балалардың еңбектерін аумақтық ведомствоға 25 мамырға дейін жіберу керек. 30 мамырдан кейін сайыскерлердің жұмысы министрлікте қаралады.  

Кездесу соңында Қазақстан мен Франция елінің бірлескен “КазРОссТСХА ” компаниясының өкілі Бекетбай Елжанов сөз сөйледі. Голландия, Германия Белгия елдерімен әріптестік құрған шетелдік кәсіпорынның өкілі біздің облысымызбен де ауыл шаруашылығы саласында келісімге тұруға тілек білдірді. Кәсіпорын асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздейді.

Жеңіс Ермұқанов