Әр түрлі

Жұмыртқа неге қымбаттап кетті?

 

 

 

 

 

Кездесуде қаралған мәселелердің бірі – алып-қашпа сауданың кең етек жаюы. Мұндай заңсыздықпен талайдан бері күрес жүргізіліп келеді. Өткен жылы жасырын саудагерлерге қатысты 50-ге жуық хаттама толтырылған. Алайда бұл шара да заңбұзушыларға әсер етпеген көрінеді. Биыл белгіленбеген жерлердегі сауданы жою мақсатында мобильді топ құрылыпты. Олар мұндай сауда нүктелері орналасқан 7 ауданды өз бақылауларына алмақ.

 Евгения Сальникова, қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
-Олар «Алтын Арман», Орталық көтерме сауда базарларының маңында, Интернационал, Бөкетов, Мир көшелерінің бойында пайда болды. «Караван», «Авангард» сауда кешендерінің жанында да кездестіруге болады.  

Алып-қашпа сауда,әсіресе, көктем-жаз айларында кең етек жаяды. Сондықтан  мобильдік топ қызу жұмыс жүргізуге дайын. Жаз шыққалы петропавлдықтарды картоп отырғызатын жердің бөліну жайы да толғандырып отыр. Әкімдікте бұл мәселе де  қарастырылыпты. Солнечный кентінің маңынан 50 гектар жер тұрғындарға көкөніс егуге бөлінеді.

  Ыбраим Көрпенов, қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары:
-Жер жыртылады, тырмаланады. Жалпы егуге дейінгі барлық үрдіс жасалатын болады.

Православие сеніміндегілердің мерекесі қарсаңында өңірімізде жұмыртқаның бағасы күрт қымбаттады. Бүгінде облыс басшылығы бағаны бір арнаға салудың қамында. Алғашқы нәтижелері жаман емес.

 Евгения Сальникова, қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
-Кеше облыстық әкімдікте ауылшаруашылығы басқармасы мен қалалық әкімдіктің өкілдері жиналды. Кездесуге қатысқан жұмыртқа өндіретін «Бескөл» құс фабрикасы, «Алекри»ЖШС және «Атай СК» өкілдері кешегі күннен бастап жұмыртқаның құнын түсіретінін мәлімдеді.  

Әсіресе  «Қызылжар-Ақбастау» коммуналдық базарында жұмыртқаға деген сұраныс артқан. Мұнда 1-ші дәрежелі жұмыртқа құны 140 теңге болса, 2-ші дәрежедегі өнімді 130 теңгеге сатып алуға болады. Кеше ғана 20 шақты қорап әкелінген еді, алайда тауар сөреде көп тұрмады дейді сатушылар. Бағаның төмендігін көрген азаматтар барлық жұмыртқаны лезде сатып әкеткен.

  Әсем Елеусізова, сатушы:
-Мереке қарсаңында жұмыртқаны халық өте жақсы алады. Кеше он коробка 1-категория, 2-категория әкелінді. 4-5-ке дейін сатып бітірілді барлығы.

Діни мереке қарсаңында жұмыртқаның 10 данасының құны 200 теңгеге дейін жеткен еді. Бүгін өнімнің бағасы төмендегенін көрген тұрғындар бағаның тұрақтылығы әкімшіліктің назарында болатынына көз жеткізді

Тұрғындар:
-Жұмыртқаны 160-185 теңгеге алдым. Бүгін арзандаған сияқты
-Бір жолы даладан 200-ден алғанмын. Дүкенге кіріп көрген жоқпын.
-Якорьден әкелінген жұмыртқаларды алуға тырысамын. Олардың сапасы жақсы. Бағасын да қалта көтереді. 140-160 теңге шамасында.

Жұмыстқаны қол жетімді бағамен «Океан», «Тайга», «Караван» сауда нүктелерінен де алуға болады

Айдана Демесінова