Бизнес және экономика

«СУ- 808» елмен бірге дамып келеді

 

 

Виктор Лидің «СУ- 808» кәсіпорнындағы еңбек өтілі 39 жыл. Жұмысын қарапайым механик қызметінен бастаған азамат жауапкершілігі мен еңбек сүйгіштігінің арқасында серіктестіктің директоры қызметіне дейін көтерілді. Міне Виктор Лидің кәсіпорынның тізгінін ұстап жүргеніне 10 жылдың жүзі болды. Тәжірибелі басшы ұжым жұмысының алға басуын мемлекеттің қолдауымен байланыстырады. Мұндағы техника 85 пайызға жаңартылды. Сәйкесінше өнім де 10 есеге артыпты.

  Виктор Ли, «СУ-808» ЖШС директоры:
– Жұмысшы кентінде, Бензострой, Ойқалада бұрын жолдары нашар болған, қазір бұл аудандардағы шұңқырлар тегістелді. Көктайғақта құм төселеді. “Жол картасы” аясында осы шағын аудандардағы жолдарды бірталай ретке келтірдік .

Қазіргі таңда мемлекет құрылыс жұмыстарына көп көңіл бөлуде. «Жол картасы» бағдарламасы соның айғағы, – дейді Виктор Ли. Осы бағдарлама аясында кәсіпорында 2009 жылы -800, ал өткен жылы 500 адам жұмыс істеген. Техника паркі де әжептәуір жаңаланып қалды. Өткен жылы әрбіреуі 15 млн теңге тұратын 2 КАМАЗ лизингке алыныпты. Болашақта да осы әдіспен автогрейдерге тапсырыс бермек.

  Виктор Ли, «СУ808» ЖШС директоры:

-Лизинг, әрине, жақсы нәрсе. Қажетті техниканы кез- келген уақытта алып, құнын бөлшектеп төлеуге болады. Пайыздары да аса үлкен емес.

Мекемеде 100 адам жұмыс істейді. Еңбек ақылары орташа есеппен алғанда 55-60 мың теңгені құрайды. Жұмысшылар кәсіпорын басшылығының жасап жатқан жағдайларына разы. Солардың бірі  – 3 жыл жүргізуші болып қызмет еткен Вячеслав Рачковский.

  Вячеслав Рачковский, «СУ- 808» ЖШС жүргізушісі:
– Қыс маусымы аяқталды. Қазір жазға дайындалып жатырмыз. Онда қаланы абаттандыруға кірісеміз. Бұл жерде қызметкерлерге жақсы жағдайлар жасалған. Төленетін еңбекақы көңілімнен шығады.

Енді кәсіпорын техникасы жолдарды жөндеуге жегіледі. Биыл жазда Ғ.Мүсірепов, Пархоменко және М.Әуезов атындағы көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал “СУ- 808” кәсіпорнының қызметкерлері сол тендерді ұтып алсақ деген үмітте.

Айдана Демесінова