Евгений Иванович саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнады. Мерейтой иесіне құрмет грамотасын тапсырған Серік Біләлов ардагердің агроөнеркәсіп саласындағы сүбелі еңбегін ерекше атап өтті.
Серік Біләлов, СҚО әкімі:
–Сіз СҚО экономикалық дамуына серпінді үлес қостыңыз, оны кейінгі буын жақсы біледі. Қазір де қоғамдық жұмыстардан сырт қалмайсыз. Президент сайлауында да халықпен жұмыс істеп, белсенділік таныттыңыз. Ол үшін алғысымыз шексіз.
Евгений Иванович соғыс басталған жылы дүниеге келді. Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысты. Бір ауданды басқарып, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосты. Еңбек ардагерінің бала күнгі достары, 40-50 жыл бойы бірге еңбек еткен әріптестері оның жақсылығын айтып тауыса алмаймыз дейді.
Зинаида Беева, еңбек ардагері:
– Ол -жердің адамы. Туған жерге, диқандыққа деген қызғушылығы балалық шағынан оянған. Мектепте оқып жүргенде де өзінің өжеттігмен, еңбексүйгіштігімен таныла білді. Бұл қасиетін ол балалары мен немерелерінің бойына сіңіріп жүр.
Евгений Викторовты замандастары білікті маман, қамқор әке, кішіпейіл азамат деп таниды. Ал кеңесін тыңдап өскен кейінгі буын үлгі тұтады.
Виктор Агеев, еңбек ардагері:
– Аса ауыр 90-шы жылдары Сіз облыс әкімінің орынбасары болдыңыз, аппаратына жетекшілік еттіңіз. Экономика құлап жатты. Халықт та аласапыран күйде болатын. Сол тұста сіз қиындықтан қашпай, біздерге үлгі көрсетіп, халық үшін еңбек еттіңіз.
Жасы 70-ке келсе де, күш-қуаты сарқылмаған қария әлі де ел үшін еңбек етемін деп отыр.
Дана Ғизатова