Білім

Балабақша тәрбиешілері бас қосты

 

 

 

 

“Бүгінгі күннің баласы қандай? Олардың әр нәрсеге қызығушылығы мен құштарлығын қалай қанағаттандыру керек? Бұл тәрбиешілерді ғана емес,   ересектерді де толғандыратын сауал. Мамандардың міндеті  – сапалы тәрбие беру. Айгүл Нәсілова балалармен жұмыс жасап келе жатқан 20 жылдық тәжірибесінде бүгінгі мен бұрынғының сәбилері арасында айтарлықтай айырмашылық барын байқадым дейді.

 Айгүл Нәсілова, “Ақбота” балабақшасының әдіскері:
-Бізге келген балалар білімді. Сондықтан ол білімдерін жүйелеу үшін жұмысты мазмұнды етіп құрастырамыз. Компьютерлік кластарда олар өз ойындарын жалғастыра алады, сонымен бірге психолог, логопед мамандармен жұмыс істейді.  

Баланың санасы, көзқарасы мен мінез-құлқы қалыптасатын мектепке дейінгі уақыт аса маңызды. Жиында анықталғандай, сол кезеңде берілетін тәрбие әр балабақшада түрліше екен. Мәселен, “Балапан” балалар бағында бүлдіршіндерді ерте жастан табиғатты сүюге, онымен дос болуға шақырады. Ал “Балдәуреннің” балақайлары кішкентай жастан 3 тілді қатар меңгере бастайтын көрінеді.

 Базар Әлтиева, “Балдәурен” балабақшасының әдіскері:
– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бір баяндамасында қазіргі заманда тәрбие берудің ең жақсы көңіл аударатын саласын айтты. Ол көп тілді білу. Біздің ана тілімізді білу мақсатымыз, орыс тілі мен ағылшынды да білу керек.  

Президенттік “Балапан” бағдарламасының облысымызда қалай жүзеге асып жатқандығы да жиында сөз болды. Оның аясында біртіндеп білім берудің жаңа әдістемелері пайда бола бастапты. Ертеңгі күннің ұландарын бүгіннен бастап дұрыс ізге салуда солардың қайсысы тиімді екендігін де тәрбиешілер ашық әңгіме барысында талқыға салды.

Кәусар Аяпбергенқызы