Әр түрлі

Анар – үздік өнертапқыш

 

 

 

 

Әріптесіміз қатысқан “Шапағат” республикалық байқауының қорытындылары сәуірдің 22-де шығады. Өз ғылыми жаңалығының патентін  ол  туған күні қарсаңында алған. Жас өнертапқыш ойлап шығарған қондырғының көмегімен жер астындағы мұнай құрылғыларын тартып алуға болады. Яғни қондырғы сорғыш принципі бойынша жұмыс істейді. Атап кетерлігі, жергілікті “көпсалалы қондырғылар зауытының” жұмысшылары Анар ойлап тапқан жабдықтың көмегімен жердің астыңғы қабатына түсіп кеткен 95 тонналық бұрғылау снарядын көтеріп шығарған. Қазіргі уақытта кәсіпорында Анардың  “Бейбарыс-1” қондырғысын шыңдау жұмыстары жүріп жатыр. Анардың инженерлік қабілеті туралы   әріптестері білмейтін болып шықты. Республикалық «Шапағат» байқауына өңірден 25 талапкер өз жұмысын жіберген болатын. Араларынан Анар Базмұхаметова ғана суырылып алға шыға алды.

Әсем Рахметова