Спорт

«Қызылжар» өз алаңында жеңіліп қалды

 

 

 

 

Допты ойынға қосқан жергілікті аяқ доп шеберлері бірден тізгінді өз қолдарына алуға әрекет етті. Алайда алаң иелерін тас қамалдай қарсы алған қонақтардың қорғанысы сыр бермеді. Ал  «Ертіс» ойыншылары болса алғашқы мүмкіндіктерін қалт жібермей есеп ашты. Бұнымен тоқталмаған ақ жейделілер таймның ортасында есепті еселеді. Араға 5 минут салмай қонақтар “Қызылжар” қақпасынан үшінші мәрте саңлау тапты. Бұдан соң тіпті еркінсіген «Ертістің»  жігіттері бірінші бөлімнің соңына дейін есепті 4-0-ге жеткізді. Келесі 45 минуттықтың ортасында қонақтар ереже бұзушылыққа жол берді. 11 метрлік айып добын орындаған Роман Селеверстов, әйтеуір қарсыластар қақпасының кілтін аша білді. Кейін қызылжарлық шабуылшы қақпашыдан айласын тағы асырған еді, жергілікті футболшылар көп ұзамай  5-ші голды жіберіп алды. Қорытынды есеп 5-2  болып,   “Ертіс” құрамасы жеңді. Қазақстан кубогы жолындағы күресін ірі жеңіліспен аяқтаған «Қызылжар» футбол клубы 1/4-ші ақтық ойынның жолдамасын уысынан шығарып алды. Енді олар мүмкіндіктерін ел чемпианатында сынап көреді.

 Жеңіс Ермұқанов