Билік

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

 

 

 

 

 

2010 жыл бюджетінің орындалуы – кезекті сессияның күн тәртібіне шығарылған алғашқы мәселе. Өткен жылы қалалық бюджетке 11 млрд. 684 млн теңге түскен. Қазынаның жеке табысы 5 млрд. теңгеден асып жығылады. Республикалық және облыстық бюджеттен де қаржы қарастырылған.

 Гүлжан Алтынбекова,  қалалық қаржы бөлімінің бастығы:
– Облыстық бюджеттен 396 млн. 622 мың теңге көлемінде субвенция бөлінді. Және республикалық қазынадан 4 млрд 697 млн. 377 мың теңге нысаналы трансферттер бағытталды.

Гүлжан Алтынбекованың айтуына қарағанда, 2010 жылы қалалық бюджеттің жеке кірісі 104,2 пайызға орындалыпты. Жоспар салықтардың бюджетке түсуінің негізінде жүзеге асқан. 2010 жылы бюджет қаржысының 44,2 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Білім беру, халықты әлеуметтік қорғауға, спорттық, мәдени шараларды өткізуге  5 млрд теңгеден астам қаражат бөлініпті. Мектептер жөндеуден өткізіліп, материалдық-техникалық базасы нығайтылған. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бағытында үлкен жұмыстар тындырылған. Соғыс ардагерлері мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс орталығында мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған бірқатар құрылыс нысандары пайдалануға берілді. Әйткенмен, бұған бағытталған қаржы толық игерілмеген. Ал қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бөлінген қаражаттың игерілуі 99,9 пайызды құраған. Тексеру  комиссиясы қалалық бюджеттің орындалуын қанағаттанарлық деп тауып, депутаттар оны бекітті.
Халық қалаулылары «2010-2011 жылдарға арналған бағбаншылық және саяжай шаруашылығын дамыту» бағдарламасының жүзеге асырылуын да қарастырды. Өткен жылы бұл бағытта көптеген жұмыс тындырылған. «Дружба -Родничок» саяжайларына ұзындығы 3,5 км жаңа су құбыры тартылған. Бірқатар саяжайларға апаратын жолдар жөнделіпті.

  Евгения Сальникова, қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
Жұмысшы кенті, Новопавловка, «Петропавл су» Мичурино» аудандарында жолдар жөнделді. Барлығы 12 600 шаршы метр аумақта жұмыс жүргізілді. Бұл мақсатқа 9,3 млн. теңге жұмсалды.

Биылғы жоспар да ауқымды. Бірқатар саяжайларға тартылған электр желілерін қалпына келтіру жоспарланған. «Петропавл  су» АҚ басшылығымен саяжай қоғамдарының төрағалары келісімге тұрмақ. Ал мамырдың бірінен саяжайларға қоғамдық көліктер қатынай бастайды.

Айымгүл Әбілева