ТКШ

Тарихи ескерткіш жаны қоқыс төгетін орынға айналған

 

 

Бұл жерге 6 жылдан бері қоқыс төгілуде. Жыл сайын оның көлемі ұлғайып, қоршаған ортаға келтіретін зияны артуда. Жаз келе бұл тұрмыстық қалдықтар шіріп, ауаны жағымсыз иіс жайлайды. Тіпті күннің ыстығында өрттің шығуына себепші болуы мүмкін. Осы мәселені шешу мақсатында Александр Кубраков  ластаушылардың әрекеттерін сынап, олармен жеке әңгіме де жүргізген. Дегенмен бұдан еш нәтиже шықпады.

  Александр Кубраков, қала тұрғыны:
Ештеңе де істей алмаймын. Қала басшылығына да, жерге орналастыру мекемесіне де шағымдандым. Меніңше осыншама қоқыс қаланың басқа жерінде жоқ сияқты.

Бұл келеңсіз жайға  тұрғындардың  өздері кіналы болып отырған көрінеді. Олар қалдықтарға арналған контейнерлерді орнатуға ақша жинаудан бас тартыпты. Күн өткен сайын бұл арадағы тұрмыстық қалдық өсіп келеді. Қала тұрғындарын толғандырған тағы бір мәселе – гуманитарлық -техникалық колледждің сыртында жиналып қалған қоқыс. Белгісіз біреулер жақын жерде баспана барын ескермей, қалдықтарды өртейді екен. Шағын аудан тұрғындары қара түтінге тұншығып, лас ауамен демалуға мәжбүр. Тұрғындар қалалық әкімдікке шағымданыпты.

Руслан Мақашев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы:
– Абылайхан резиденциясы маңындағы баспана тұрғындары заңсыз қоқыс орнын ашқан. Алдағы уақытта коммуналдық қызметтің көмегімен бұл ауданды тазарту шараларын жүргіземіз. Келісімшарт құрып, арнайы контейнерлер орнатылады.

Қоқыс контейнерлерін әкелісімен бұл ауданның жағдайы біршама түзелетін болар. Жақсы істің орындалуын жақындату тұрғындардың өздеріне байланысты.  Ал қаланы қоқыспен ластаған адамдарға  тиісті шаралар қолданылатын болады.

Айдана Демесінова