Құқық қорғау органдары

Жүргізуші құқығынан айырылды

 
Айыпталушы Александр Халик – “Казградстрой НС” ЖШС мұнара кранының машинисі. Сәуірдің алтысы ол  Батыр Баян көшесінде “Ауди” көлігімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кеткен. Дәл сол мезетте “Сиата”көлігімен Андрей Култышев келе жатқан еді. Апаттан қашып құтылу мүмкін болмады дейді ол.

  Александр Халик, айыпталушы:

 

 – Мен үйге бара жатқан едім. Кенет жолдан шығып кетіп, ештеңе істей алмай қалдым. Доңғалақтарым тікенекті болса да тшұғыл тоқтауға көмегі болмады.

Жылдамдығы сағатына 30-40 км болса да, жүргізуші қолымнан келер шара қалмады деп сендірді. Соқтығыс орын алған жердегі жолдың жаман екенін де білмедім дейді. Өйткені оған дейін көшеде қатқан мұз болмапты. Мұны жәбірленуші “Сиат”көлігінің иесі де растады.

 Андрей Култышев, жәбірленуші:

 – Мен жүріп келе жатып, алдымдағы көлікті көріп келе жаттым. Екеуіміз де ақырын жүрдік. Кенет ол менің жолыма түсіп кетті. Мен тез тежегішті бастым. Өкінішке қарай жолдағы іздің тереңдігі бұрылуға мүмкіндік бермеді.  

Жәбірленуші Андрей Култышев ымыраға келуге әзір. Көлікті жөндеуге кететін барлық шығынды сақтандыру компаниясы өтейді. Ал үкім ретінде кінәлі жүргізушіге тек айыппұл салынса дейді. Тек мұнымен судья Айгүл Ақпанова келіспеді. Өткен бір жыл ішінде Александр Халик 3 мәрте жолда жүру ережесін бұзыпты. Бұл үшін әкімшілік жауапқа да тартылыпты. Үкім шығарда бұл факт ескерусіз қалмады.

Айгуль Ақпанова, қалалық мамандандырылған әкімшілік сот судьясы:
–  Әкімшілік кодекстің 268- бабы, 1-тармағына сәйкес Халик Александр Михайлович әкімшілік заңбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп табылсын. Жәбірленуші мен өзіңіздің айтқандарыңызды ескере келе, сот сізді 9 айға жүргізуші куәлігінен айырады.

Александр Халик сот шешімімен келіспесе, 10 күн ішінде жоғары органға арыздана алады.

Кәусар Аяпбергенқызы