Қылмыс

Үш бірдей адамның өлімі

 

 

 

Пәтер иесі әйел адам мен оның қызы және баспана иесімен азаматтық некеде тұрған 54 жасар ер адам – барлығы бір пәтерде тұрған. Олардың хабар-ошарсыз жоғалып кеткеніне алаңдаған жақындары полицияға арызданған. Ішкі жағынан құлыпталған есікті бұзып кірген полицейлер сұмдық көрініске тап болды. 46 жасар пәтер иесі пышақ жарақаттарынан көз жұмыпты. Екіншісі – оның 20 жасар қызы. Болжам бойынша оны біреу қылқындырып өлтірген. Ал  пәтердің үшінші тұрғыны, ер адам асылып тұрған. Жедел тергеу тобының алдын ала тексерістері екі әйелдің өліміне өзіне қол салған азаматтың қатыстылығын дәлелдеп отыр. Бұны айғақ заттар мен   некесіз күйеудің далаппен қабырғаға жазып қалтырған соңғы хаты растайды. Куәгерлер мен туыстарының айтуынша,  ер адам мен әйелдің арасында келіспеушіліктер туындап, отбасында жиі жанжал шығып отырған. Ұрыс-керістері қол жұмсауға дейін барған кездері болыпты.

  Қанат Қасенов, СҚО ІІД аға инспекторы:
– Бұл факті бойынша ҚР ҚК 96- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қанды оқиғаның мән- жайын толық анықтау үшін қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жеңіс Ермұқанов