Өнеркәсіп

Мемлекеттік қолдау – даму кепілі

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында дағдарып қалған өндірісті іске қосу, жұмыс орындарын ашу міндеті тұрды. Талай кәсіпорындар сұранысқа қарай өз бағыттарын өзгертті. Бұған дейін тек сүт өнімдерін сақтау, саудаға шығарумен айналысқан «Сүт одағы» серіктестігі ендігі жерде өндірісті қолға алды.

  Галина Барильченко, «Сүт одағы» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары:

 

 

-Сүт өңдеу тәжірибемізде жоқ еді. Дегенмен «Сулугуни» ірімшігін жасауды қолға алдық. Кейін аудандардың бірінен май былғайтын аппаратты жеткіздік. Осылайша майдың бірнеше түрін шығара бастадық. Кейін қатты ірімшікті өндіріске қойдық.  

Бүгінде серіктестіктің тауарын әр дүкен сөресінен кездестіруге болады. Сүт өнімдері еліміздің оннан аса қаласына жөнелтіледі. Табиғи таза өнімнен жасалатын тауардың 40-тан аса түрі бар. Жыл сайын технологтар өндіріске жаңа өнімдерін ұсынады. Ал цех жұмысшылары оларды саудаға шығаруға асығады.

  Наталья Федорова , «Сүт одағы» ЖШС цех бастығы: – Жаңа тауар түрлерін игеру қызғылықты. Жас мамандар да келіп жатыр. Оларды үйретеміз. Тұтынушыларымыздың алғысын көп естиміз.

Серіктестік тауарының басты шикізаты – табиғи таза өнім. Кәсіпорын жаз айларында 40-50 тонна сүтке дейін өндей алады. Ең бастысы  – шикізат болсын.

  Галина Барильченко, «Сүт одағы» ЖШС директорының өндіріс бойынша орынбасары:

-Мемлекет қолдауынсыз, субсидиясыз  өндірісті дамыту мүмкін емес. Несиелеу бойынша мемлекттік бағдарламалардың көмегін көп көрдік. Әрине, елімізде мал шаруашылығы дамуы керек. Себебі біздің жетістіктеріміз осы мал шаруашылығына тікелей байланысты ғой.

Бизнеске жасалған қолдау мен ұйымдасқан жұмыстың арқасында кәсіпорын дамудың жаңа белестеріне жетті. Бүгінде «Сүт одағының» басшылығы айналымдағы қаржы көлемін 9 есеге өсіргенін, кондырғыларды италия мен АҚШ- тан жеткізіп жатқандарын, 200- ден аса адамды жұмыспен қамтамасыз еткендерін мақтанышпен жеткізе алады.
Осыдан 15-20 жыл бұрын жалақыны уақытында бере алмаған кәсіпорын бүгінде техника мен қондырғыны шетелден жеткізеді. Жаңа ғимараттар салып, өндірісті кеңейткен. Ескі ғимаратты місе тұтып келген кәсіпорын соңғы жылдары жаңа цехтар құрылысын қолға алған. Өнімді ыдыстарға құятын тағы бір АҚШ   қондырғысы жаңа цехқа орнатылады. Тоңазытқыш-бөлме де біраз өнімді талапқа сай сақтауға мүмкіндік береді.

Әсем Рахметова