Білім

Ұстаз мәдениеті

 Бүгінде педагогтың қоғамдағы рөлімен қатар оған қойылар талаптар да өскен. Жыл өткен сайын ұстаз қауымына сабақ беру сапасын жақсартумен қатар оқушымен қарым-қатынасты жетілдіру міндеті қойылып отыр. Жаңашылдыққа толы заманда инновациялық білім беруді жүзеге асыру керек. Облыс орталығының мамандары бұл межеден көріне алып жүр.

  Алма Мырзалинова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:

 

 

-Педагогикалық мәдениет, оның ерекшеліктері, бүгінгі заманға сай педагогикалық мәдениетті қалыптастыру туралы мәселелер қозғалмақ. Елімізде педагогтардың статусын жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінуде. Біз студенттерімізді де мамандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.  

Ұстаздардың кәсіби мәдениетін қалыптастыру тақырыбына жетпіске тарта баяндама түскен. Олардың үздіктері конференцияда оқылды. «Педагогикалық ноу-хау» облыстық жобалар олимпиадасы да қорытындыланып, инновациялық бағыттағы еңбектер іріктелді. Бұл байқауда № 17 ұлттық жаңғыру мектебінің жобасы үздік деп танылды.

 Гүлмира Кәрімова, № 17 ұлттық жаңғыру мектебінің директоры:

-Мектебімізде 20 шақты ұлт бар. Олар бір-біріне толеранттылық танытуы керек. Сондықтан осы жобаны алдық.  

Ұстаздар бас қосқан бұндай конференцияларда әдістеменің үздігі анықталады.

  Жайнагүл Шаяхина,  Ә.Досмұхаметов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының мұғалімі:

-Жылдан-жылға әдістемелер өзгереді. Сондықтан мұндай конференциялар аса маңызды.  

Болашақ ұстаз өз мамандығының маңыздылығын әуелден жете түсінуі керек. Бұл мақсатта М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университеті студенттер арасында «Педагогикалық айтыс – 2011» олимпиадасын ұйымдастырыпты.

Әсем Рахметова