ТЖ

Мұз үстімен жүру қауіпті

 

 

 

 Облыстық ТЖД суда құтқарушылары мұз бетімен жүруге және балық аулауға қатаң түрде тиым салады. Себебі қазір  мұздың қалыңдығы бар-жоғы 30-40 см.  
Сәуірдің басынан бері облысымыздың үш азаматы су түбіне кете жаздаған. Солардың бірі – Заречный поселкесінің тұрғыны. Жас азамат алыс жолды Есілдің үстімен өтіп, қысқартпақшы болған. Алайда ол шешімі өміріне қауіп төндіретінін ойламаса керек. Жұқа мұз адамның салмағына шыдамай, бірден шытынап кеткен. Бағына орай жапа шегуші судан өз күшімен шығыпты. Ал екінші оқиғаға төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері араласқан. Олар өмірі қыл үстінде тұрған кішкентай бала мен балықшыға уақытылы жетіп, өзеннен шығарып алған.

  Қайрат Сәбитов, СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің құтқарушысы:
-Қала тұрғындарына абай болыңыздар дейміз. Балаларыңызды суға жібермеңіздер. Мұз күннен күнге еріп жатыр.  

Бүгінгі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 26 суда құтқарушы жұмыс істейді. Олардың айтуынша, мұндай жағдайлар әсіресе жаз айларында жиі кездесетін көрінеді.  Кей кездерде бір тәуліктің ішінде бес шақырту түседі.

Гүлден Сәрсенбаева