Қоғам

Атамекенге оралу жалғасуда

 

Азим Жүсіпов өткен жылы Ресейдің Омбы қаласынан көшіп келді.  Бәйтерек ауылынан үй алып, күзет фирмасына жұмысқа орналасты. Ал қазір көші-қон квотасына құжаттарын әзірлеп жүр. Ресейдегі туған жерін, жайлы мекенін тастап Қазақстанға келгеніне өкіндім деуден аулақ. Бұйырса жақында Ресейдің ЖОО-ларында оқып жүрген балаларын да осында әкелмекші.

  Азим Жүсіпов, оралман:
өп жастар оқу бітіргесін мында келеміз дейді. Соған қарағанда оларға жұмыс, үй беру керек. Оқу бітірген жастар үйде отыр, күзетте жүрміз міне.Бізге біліміміз бойынша жұмыс берсе, бәрі жақсы болады.

Азим Жүсіповтің мамандығы механик. Санкт-Петербург қаласында жаңа технологияны меңгеруге машықтаныпты. Өзі оқып қоймай, сондағы жастарды да үйретіпті.Тек мамандығы бойынша жұмыс әзірге табылмай тұр. Дегенмен, көші-қон полициясы қолдан келген көмектерін көрсетуде.

 Динара Мәдеева, СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының оралмандар мен босқындарды тіркеу бөлімінің бастығы:
– Оралмандар ісімен айналысатын арнайы комиссия олардың әрбірімен әңгімелесіп, жағдайларын біліп тұрады. “Нұрлы көш” бағдарламасымен үй алып, жұмысқа орналасуларына барынша көмектеседі.

Солтүстік өлкеге бүгінгі күні 169 отбасы, жекелей санағанда 690 адам тұрақтады. 89 отбасы оралмандар квотасын алатын болады. Олардың қатарына өткен жылы квотаға іліккен тағы 85 отбасы енбек.Ағымдағы жылы олар үшін Бәйтерек ауылынан тағы 100 тұрғын үй салу да көзделіпті.

Кәусар Аяпбергенқызы