ТКШ

Алғашқы тазалық сенбілігі



 

Бұл қаланы қыстан қалған қоқыстан тазартатын алғашқы сенбілік болғандықтан жұмыс ауқымды. Алдын ала белгіленгеніндей, Бензострой және Жұмысшы поселкесі басқармалар мен департаменттер қызметкерлерінің қарамағына берілді. Облыс орталығының 20 көшесін қоқыстан арылтуға қалалық әкімдік жұмылады. Саябақтар мен шағын алаңдар назардан тыс қалмайды. Сол сияқты ортақ іске қалалықтар бір кісідей қатысуға міндетті.

  Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
-Біз акимат арқылы депутаттардан сұрадық.
Осы жұмысты қатаң бақылауға аламыз. Егер мекеме басшылары сенбілікті пайдаланып, жұмысқа шықпаса әңгіме жүргіземіз, сөйлесеміз. Одан басқа учаскелік инспектор бар.

 Жұмыстан жалтарған адамдарға ескерту мен айыппұл да қарастырылған. Бірақ бұл ең соңғы шара. Сенбілік күні алдымен учаскелік инспекторлар түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Ең басты хабарландыру, “Коммунхоз” кәсіпорны биыл тұрғындарға үйінің маңын көріктендіру үшін әк пен сыр береді. Қаланы абаттандыру мақсатында тегін таратылатын тағы бір нәрсе бар.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
ізде табиғат қорғау департаменті бар, соларға тапсырма берілді. Олар бізге көшеттер береді. Сұрағандардың әрбіріне соны бергіземіз.Әр түрлі ағаштар беріледі.

Былтыр сенбілікке шықпаған ұжымдар биыл арнайы қадағалауға алынады. Ал ондай жауапсыздар биыл да кездессе өз есімдерін БАҚ беттерінен кездестірулері әбден ықтимал. Былтырғыдан өзгермеген дәстүр, сенбіліктен түскен азаматтардың бір күндік еңбекақысы қайырымдылық қорына аударылады.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
Егер мекеме болса 50 % мекемеде қалады, 50 % қалалық ардагерлер кеңесіне аударылады. Сол ақша қиын жағдайға түскен адамдарға көмек ретінде беріледі.

Биылғы көктемде сенбілік 3 рет өтеді. Қалған екеуі сәуірдің 24-і мен 30-ы күндеріне белгіленген.

Кәусар Аяпбергенқызы