ТЖ

Құтқарушылар бірінші тоқсанды қорытындылады

 

 

 

Өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда биыл өрт оқиғалары 20 пайызға кеміген. Одан  келген материалдық шығын  2 есеге азайыпты. Алайда  тілсіз жаудың құрбаны болғандардың саны әлдеқайда артып отыр.

 Денис Шуваев, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
– 3 айдың ішінде 31 адам қаза тауып, 11-і түрлі дене жарақаттарын алды. Тілсіз жаудың құрбаны болғандардың 40 пайызы ішімдікке салынғандар. 187 өрт оқиғасының 84 пайызы жеке секторда тіркелді. Нақты айтсақ 158 жер үйді от күлге айналдырды. Бұдан келген залал 69 млн теңгені құрап отыр.

Облыс орталығында да өрт оқиғалары 29 пайызға кеміген. 59 мәрте үстемдік құрған қызыл жалынның тигізген залалы  былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 70 пайызға азайыпты. Жылдың алғашқы тоқсанындағы нәтиже жаман емес. Десе де өлім аузынан аман алып қалуға мүмкін болмағандар қатарының өскендігі өкінішті- ақ.

 Азамат Өрімбаев, Петропавл қалалық ТЖБ бастығы:
-Жыл басынан Петропавл қаласы боынша 10 адам қайтты, 5 адам жарақат алды.
Адам шығыны 60 пайызға көбейген. 12 ғимарат, бір техника жанды. 5 адам өрттен құтқарылды, оның екеуі кішкентай бала. 77 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. 78 млн. теңгенің материалдық дүниесі құтқарылды.  

Өрт сақшылары жыл басынан 1300-ден астам нысанды тексеріпті. Нәтиже көңіл көншітерлік емес. Олардың 19 пайызында ғана өрт қауіпсіздігі ережелері қатаң сақталған екен. Өзгелерінен  2 645 заңбұзушылық анықталды. Баспасөз мәслихатында құтқарушылар әр адамның амандығы өз қолында екендігін тағы бір ескертті. Ең бастысы қарапайым ережелерді орындап,  өрттің  шығуына мүмкіндік бермеу.

Жеңіс Ермұқанов