ТКШ

Сәуірдің 16-сы – сенбілік

 

Бұл сенбілікте қаланы қоқыстан аршып алу міндеті қойылып отыр. Сенбілікке үлкен-кіші тайлы-тұяғымен шығуы тиіс. Қыстан кейін көшелер мен сай-салада жиналған қоқыс мол. Сондықтан әр тұрғынға жұмыс бар.

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Көктемде шыққан қоқыс шығарылады. Санитарлық жұмыстар жүргізіледі, ағаштарды ағарту, орамдардың фасадтарын қалпына келтіру.

Жиналған қоқысты уақытымен қала сыртына шығару қажет. Қалдықты жел ұшырып әкетпес үшін көлікке тапсырысты ертерек жасаған дұрыс.

Сейілжан Тастеміров, Петропавл қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Жол мекемелерінің күшімен 20 шақты тасымалдайтын, 10 шақты артатын көлік болады.          52-60-66 телефондарына ертерек хабарласу керек.

Облыс орталығында жұмыс күші қажет алаңдар   облыс орталығының әр қалтарысында бар. Өткен күз бен қыстағы қоқыс сұрықты алып-ақ тұр. Қалалықтар сенбілілкке шығуға қаншалықты ынталы. Жұмыс нәтижесін апта соңында көретін боламыз.
Қалтарыстар тұрсын, көпқабатты үйлер маңы қоқысқа толы аудандар бар. Тұрғындар әуелі қардың еруін, кейін сенбіліктің жариялануын күткендей. Дегенмен , сенбілікке құралдарын алып шығатындар қатары қалың болатын түрі бар.

 Тұрғындар:

-Алдағы сенбілікке шығамын. Сыпырғыш, күрек алып шығамын.
– Сенбілікке тұрғындардың бір тобы ғана шығады. Жылда жұмыс істейтіндер солар ғана.
-Алдымен жұмыстағы, кейін ауладағы сенбілікке қатысамын.

Бұл күні елді мекендер тазаланып, көшелер көркейеді. Сондай-ақ қайырымдылық шарасы барысында Жеңіс мерекесін атап өтуге, ардагерлерді қолдауға қаржы да жиналмақ.

Әсем Рахметова