Қылмыс

Есірткі тасымалдаған әйел ұсталды

 
Есірткі тасымалдаушы ұзақ жолды өтіп, жоспарлаған Петропавл станциясына әбден жеткенде қолға түскен. Сипақтап, өзін қоярға жер таппай тұрған әйел адам полицейлердің күдігін тудырған. Тексеру кезінде оның сөмкесінен ішіне жасыл шөп салынған 5 литрлік құты табылады. Сараптау жұмыстары заттың салмағы 2 келі 370 грамм  кептірілген марихуана екенін дәлелдеді. Ал күдікті сыбайластары жайлы полицейлерге тіс жармай отыр.

 

 

 Наталья Васильева, Петропавл станциясындағы ЖІІБ аға тергеушісі:
-Жамбыл облысында есірткіні маған белгісіз біреулер әкеліп берді, марихуананы Петропавлға жеткізбекші болдым дейді. Көрсеткен қызметі үшін ақша алмақ болған, бірақ мөлшерін білмеймін дейді.  

38 жасар әйел адам осыған дейін де есірткімен айналысып, түрмеге түсіпті. Темір тордан өткен жылдың соңында босап шыққан, қалған жазасын шартты түрде өтеп жүріпті.  Енді үш – алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері Петропавл бекетіндегі ЖІІБ бөлімінің полицейлері есірткі бизнесіне қатысты 9 қылмыстық іс қозғаған. Заңсыз айналымнан 3 келуге жуық есірткі заты тәркіленді.

Дана Ғизатова