Білім

Кітап апталығы аяқталды

Балалар кітабының апталығын ұйымдастыруды 1943 жылы Лев Кассиль ұсынған болатын. Содан бері бұл шараны өткізу игі дәстүрге айналған. Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана да апталықтан шет қалмады.

  Гүлмира Жаппасова, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың әдістемелік бөлімінің жетекшісі:
– Біздің облыстық Ғ.Мүсірепов атындағы кітапханамыздың есігі  осы қаламыздың тұрғындары, балалары, оқушыларына айқара ашық әрқашан . Осы өткізіліп жатқан іс-шара балалар кітабы аптасы аясында біздің кітап құмар оқырмандарымыз белсенділігі артқанын көрсете білді.

Дамир Еділ – кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі. 3-сынып оқушысы әсіресе поэзияны сүйіп оқиды екен. Түрлі шараларда белсенділік танытып жүретін оқырман апталыққа орай марапатқа ие болды.

 Дамир Еділ, жас оқырман:
– Кітапқа жиі-жиі келіп тұрамын. Кітаптарды ұнатамын оқуға. Абай өлеңдері ұнайды. Онда көп білім аласың.  

Ал Фариза Батырханова – ең жас оқырман деп танылды. 5 жасар қыз әдеби шығармаларды осымен бір жыл көлемінде жаздыртып алып тұратын көрінеді.

Бүгінде Фариза әлем халықтарының ертегілерін оқып жүр.

 Фариза Батырханова, жас оқырман:
-Мен көп кітапты ұнатамын оқуға. Андерсен, түйме қыз, штопольная игла, ханшайым қарлы.

Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге жұмбақ жасырды. Тұрақты оқырмандар бірден жауабын тауып, хормен айтысты. Апталықтың жабылу салтанатынан балдырғандар жақсы көңіл-күймен тарқасты

 Балалар:
– Маған осы мереке ұнады. Көптеген кейіпкерлермен таныстық. Ойын ойнады. Маған осы ойындар ұнады. Ән айттық, биледік.
– Мыстан кемпір бізді жамандыққа үйретті.
Бірақ біз оны тыңдамаймыз.

Айдана Демесінова