Спорт

Гимнастикадан қала біріншілігі

 

 

 

 

 

Еркін бағдарлама бойынша иілгіштік қасиетін барынша танытуға тырысқан Лера Владимирова 6 жаста ғана. Спорттық гимнастикамен әуестенгеніне жарты жыл. Десе де әсем әуеннің сазымен үндескен қимылдары қазылардың жоғары бағасына ие болды.

  Лера Владимирова, сайыскер:
– Мен қатты қобалжыдым. Алғашқы жарысым ғой. Мен үшін сәтті басталды деп ойлаймын. Жақсылап дайындалдым. Бастамамды аяқсыз қалтырмай, шеберлігімді шыңдауға тырысамын.

Ал Жанел Тілегенованың бұл алғашқы сыны емес. 2 жылдың ішінде сапалы дайындығымен танылып жүрген 8 жасар Жанел 2-ші разряд талаптарын да орындап үлгеріпті.

  Жанел Тілегенова, сайыскер:
-Мені сыныптасым осы гимнастикаға шақырды. Маған ұнайды. 2 жыл гимнастикаға барамын. Орын алуға тырысамын.

Гимнаст қыздарға ағаштың үстінде, тартылу снарядында, бруста және еркін қимылдар жүйесі бойынша өнерлерін көрсету талабы қойылды. Ал ер балалар бұған қоса гимнастикалық ат пен қос шеңберде тартысты. Барлығы 6 -18 жас аралығындағы 50-ге тарта гимнаст бақтары мен баптарын сынады.

  Татьяна Кулагина, гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:
Жарысты жастарды гимнастикамен айналысуға шақырып, салауатты өмір салтына тарту мақсатымен өткізіп жатырмыз. Әсіресе буындары бекіп үлгермеген кішкентай жастан келсе, тіпті жақсы болады. Біріншіден, денсаулықты нығайтады. Қыздарға бойын тік ұстауға үйретіп, дене мүсіндерін жақсартады. Айта берсе, беретіні мол. Есігіміз әрдайым ашық.

Жарыс қорытындысы бойынша суырылып алға шыққан үздіктерден өңір намысын қорғайтын облыс құрамасы жасақталады.

 Жеңіс Ермұқанов