Спорт

Ғарышты игеру мерейтойына арналған марафон

 
Марафон «Қарасай» спорт кешенінен басталып, Қарғалы аралына дейін жалғасты. Жүгіруде «Надежда» және «Бодрость» әуесқой жүгірушілер клубтарының мүшелері қатысуға ниет білдіріпті. Белсенділік танытқандардың саны 30.

  Есілбай Омаров, спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері:
– Ерекшелігі – 50 жылдыққа, космосқа Ю.Гагариннің ұшқанына 50 жыл толуына байланысты, қолдау ретінде осы спортшылар бүгін өзінің жүгіруімен дәлелдейді.

Жиылғандарды мамандық емес, жүгіруге деген құштарлық біріктіріп отыр. Әуесқойлар бұл жолы тарихи оқиғаның 50 жылдығын 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өту арқылы атап өтпек.

 Александр Рура, марафонға қатысушы:
– Ғарыш бұл ұлы нәрсе, оны көру әркімнің қолынан келе бермейді. Өзге шет елдің емес, кеңес өкіметінің ғарышкері бірінші болып ғарышқа ұшқаны қуантады.
 Николай Овсянников, марафонға қатысушы:
– Бұл жүгіру мерекесі. Сондықтан да мен тыс қалмадым.
Әсіресе айтулы оқиғаны атап өтуде үлесімді қосқым келді.

Қатысушылардың арасында жасы жағынан ең үлкені Софья Сұлтанова. Қария 75-ке келсе де қашықтықты өзгелердің қатарында бағындырды. Қай жаста болсақ та спортпен шұғылданған дұрыс, денсаулығымыз да жақсарады, –  дейді зейнеткер

  Софья Сұлтанова, марафонға қатысушы:
Денсаулығым үшін  өзгелермен араласу мақсатында «Бодрость» клубына келдім. Жақын арада Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толады. Бұл мен үшін үлкен мереке. Осындай айтулы оқиға құрметіне жүгіріп жатқанымызға қуаныштымын.

Жүгірушілер көзге түсемін, орын аламын деп келген жоқ. Олардың көздегені тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринді еске алып, жастарды салауатты өмір салтына тарту болатын

 Айдана Демесінова

  Есілбай Омаров, спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері:
– Ерекшелігі – 50 жылдыққа, космосқа Ю.Гагариннің ұшқанына 50 жыл толуына байланысты, қолдау ретінде осы спортшылар бүгін өзінің жүгіруімен дәлелдейді.