ТКШ

Тазалық рейді

 

 

 

 

 Лас мезгіл басталысымен қаланың да көркі тая бастады. Қар астынан жасыл желектен бұрын әдеттегідей кір-қоқыс шыға келді. Қала әкімінің орынбасары жетекшілік еткен тексеруші топ жұмыстарын өз кеңселерінің маңын тазалауға әлі кіріспеген кәсіпкерлерден бастады. Әр кәсіпкер өз кеңсесінің маңындағы 15 метр жерді тазалауы тиіс деген ережені ескере келгенде, қала бойынша тәртіп бұзушылар көптеп табылды.

  Мұхит Нүрпейісов, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:
Жеке кәсіпкерлер қаланы абаттандыру ережелерін бұзып жатыр. Оларға қалалық ІІД қызметерлері алдын ала ескерту береді. Орындамаса әкімшілік жауапқа тартылады.

Жол шеттеріндегі жағымсыз, лас көріністерден соң тексерушілер назарына кішігірім саудаларын белгіленбеген жерге жайып қойған заңсыз саудагерлер түсті. Өз істерінің заңсыздығын мойындаған олардың кейбірі тауарларын лезде жинай бастады. Ал күнкөрістің осындай тәсіліне әбден көндігіп алғандар тіптен орындарынан тапжылмады.
 Оларға да нұсқама қағаздары жазылып, тәртіп сақшыларының қадағалауына тапсырылды. Ал жекеменшік орындардың маңын тазалауға асықпағандарға сол үшін 3 күндік мерзім берілді.

 Антон Макаров,  қала әкімінің орынбасары:
-Бүгін көшпелі мәжіліс өткізіп отырмыз. Біз қаладағы қарды шығарған болатынбыз. Ал өз маңайларын тазаламаған мекеме, кәсіпорын иелерін әкімшілік жауапқа тартамыз. Белгіленбеген жерлерде сауда жасаушыларға да осындай ескертулер жасадық.

Бұл бір күндік шара емес. Қаланы абаттандыру жұмыстары енді басталып жатыр дейді қала басшылығы.

 Кәусар Аяпбергенқызы