Білім

Орыс тілі білгірлерінің сайысы

 

 

 

Жарыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқысында оқушылар 25 сұрақтан құралған тест тапсырмасын 40 минутта орындау керек еді. Мұнда оқушылардың орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын қаншалықты меңгергендігі анықталды. Екіншісінде “Қазақстан Республикасының тәуелсіз 20 жылдың ішінде жеткен жетістіктері” тақырыбына эссе жазуға тиіс еді. Бұл тапсырмаға 30 минут уақыт берілді. Сондай-ақ осы айналымда еліміздегі ресми қарым-қатынас тілінде сайыскерлер диалог құрып, тіл байлығын танытты. Соңғы кезеңнің шарты бойынша  қатысушылар белгілі бір шығарманың үзіндісін мәнерлеп оқыды.
Бұл сайыс 3 жыл қатарынан өткізілуде. Оған 14-20 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Биыл облыстық байқауға 15 оқушы жолдама алыпты.

 Әсем Сүлейменова,  облыстық тілдер басқармасының бөлім бастығы:
– Бүгін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай орыс тілі білгірлерінің арасында “Тіл –  барлық білімнің кілті” республикалық байқауының  облыстық кезеңін өткізгелі отыр. Осы байқаудың ерекшелігі негізгі тақырыптар 20 жылдықтың аясында  берілетін болады.  

Мейірлан Оразбеков Тайынша ауданының намысын қорғау үшін п келді. Бұл жарысқа алғаш рет қатысқалы отыр. Өзге аудандардан келген және қалалық оқушылармен бәсекелесіп, мүмкіндіктерімді сынағым келді, дейді Мейірлан

  Мейірлан Оразбеков,  сайысқа қатысушы, Тайынша ауданы:
– Орыс тілін білген адам ол өзге ұлттармен де сөйлесе алады және орыс тілі халықаралық тілдердің біріне жатады,  мен осы сайыста 1-орын аламын деп ойлаймын.

Әсел Букенова да орыс тілінен өтіп жатқан олимпиадада тұңғыш рет білімін сынауда. Абай, Мағжан оқуларына қатысып жүрген қыз бұл жолы ресми қарым-қатынас тілін қаншалықты меңгергенін сынамақ.  

  Әсел Букенова, сайысқа қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Мен бұл конкурсқа 1-рет келіп тұрмын. Сондықтан қобалжуым бар. Бұл конкурста 1-орын алуға дайындалдым, екі апта.

Олимпиада жеңімпазы республикалық турға жолдама алады.

Айдана Демесінова