Мәдениет

Достық фестивалі

  

 

 

 

Еврей мәдениетінің фестивалін жыл сайын ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Бірақ биылғы шараның мәні айырықша. Фестиваль ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығында өткізіліп отыр.

  Рашбиль Евдаев , еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы:
-Қазақ халқы бізді бауырына басты. Бүгінде ортақ шаңырақ астында 130-дан астам ұлт татулық пен келісімде өмір сүріп жатыр. Барлық жағдай жасалған. Еліміз дамып келеді. Осындай мемлекетте тұру біз үшін бақыт.

Фестивальде еврей халқынан басқа ұлттардың да әндері шырқалып, биі орындалды. Осылайша ұйымдастырушылар қазақ елінде өмір сүріп жатқан ұлттардың достығы мен татулығын паш етуге тырысқан.

  Роман Аракелов,  “Кентрон” армян мәдени орталығының төрағасы:
-Бүгінгі фестивальге облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамындағы барлық этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері келді. Осылайша әр орталықтың фестивалінде бір-бірімізді құттықтаймыз. Бұндай шара халық салт-дәстүрін ұмытпау үшін қажет. Кейінгі толқын әдет-ғұрпын біліп, құрметтеуі қажет.

Бұл орайда шараға кейінгі буын өкілдері барынша тартылыпты. Бүгінде еврей этномәдени бірлестігі 500-ге жуық солтүстікқазақстандықтың басын біріктіріп отыр. Олар сәуірдің үшінде елдегі тұрақтылық пен келісім үшін дауыс берген.

Айымгүл Әбілева