Мәдениет

Армян жастары КВН өткізді

 

 

Бұл ойын армян халқында тойланатын Ана және әсемдік мейрамымен  тұспа-тұс келді. Сұлулық мерекесінің дәстүрі бойынша жұртшылық бір-біріне сыйлық жасайды. Бұл күні қатысушылар көрермендерге әдемі әзілдерін тарту етті. Жастар мұндай шаралардың өткізілуі – көпұлтты еліміздегі бейбітшіліктің арқасы деп отыр.

  Гоар Мартиросян, «Кентрон» ұлттық-мәдени орталығының мүшесі:
-Біз бұл іс-шараны ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаймыз. Себебі армян халқының өкілдері Қазақстанды өзінің Отаны деп санайды. Елімізде бейбітшілік,достық болсын.

Сайыста «Кристалл» және «Тасэ хай у михат рус» командалары өнер көрсетті. Қатысушылар үш сыннан өтті. Сәлемдесу турында екі топ та бірдей бағаланды. Ал екінші кезеңде «Кристалл» командасының ойыншылары жарасымды қалжыңдарымен жұртшылықтың көңілінен шықты. Дегенмен қарсылас топ та жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты.

 Ашхен Велян,  “10 армян 1 орыс” командасының мүшесі:
-Біздің тобымыз жинақы, бірлігіміз мықты, сондықтан жеңеміз деп ойлаймын. Қарсыластарымыз да жақсы дайындалған. Дегенмен біз бірінші орын алуға барымызды салудамыз.

Көрермендердің жүздерінде күлкі. Мұндай шара дәстүрге айналары анық. Жастар алдағы уақытта көңілді тапқырлар ойындарын ұлттық-мәдени орталықтардың арасында өткізуді жоспарлауда.

Инеш Шоқақова