Қоғам

“Елбасының жеңісі – біздің ортақ жеңісіміз”

 

“Елбасының жеңісі – біздің ортақ жеңісіміз”. Көпшіліктің бұл пікірін он үшінші орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Рымбала Рақышева толық қолдайды. Ол өз таңдауының халық қалауымен үндес келгеніне қуанышты. Жиырма жылда жеткен жетістіктеріміздің барлығы мемлекет басшысының көреген саясатының жемісі дейді ұстаз. Бұл толағай табыстардың бәрі халықтың көз алдында. Енді осы жылдар ішінде өз қолымызбен жасаған игілікті істерді жалғастыру қажет. Ұрпақ тәрбиесіне Мәкен Қалиев саналы ғұмырын арнаған. Құрметті демалысқа шыққан еңбек ардагері бүгінде немерелерін тәрбиелеуде. “Президент сайлауында осы бүлдіршіндерімнің болашағына дауыс бердім” дейді қария. Енді ұрпағының келешегі кемел болатынына сенімді.  Қазақстан халқы ел тізгінін кемеңгер басшыға сеніп тапсырып отыр. Жұртшылықтың қалауы – болашақтың іргесін Елбасымен бірге қалап, асыл мұраттарға бірлесе жету.

 Айымгүл Әбілева