Әр түрлі

Елімізде жер реформасы табысты жүргізілуде

 

 

 

 

Қазақстанда жер реформасын жүргізу 5 кезеңді қамтыды. 1991 жылы «Шаруа қожалықтары» және «Жер салығы туралы» заңдар қабылдады. Ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу реттелді. Сондай-ақ жерді пайдаланушылар мемлекетке салық төлей бастады. Біраз уақыт өткесін Президенттің жарлығымен «Жер заңы» қабылданды. Бұл құжат жерді жеке меншікке берудің талаптарын белгілеп, инвестициялық саясат жүргізуге жол салды. Жерді 49 жылға дейін жалға алу мерзімі бекітілді. Елдің экономикасын дамыту үшін жер реформасын сол кездегі нарыққа бағыттау қажет болды. Себебі бұған дейін мемлекет жерден жөнді табыс тапқан жоқ. Жерге жеке меншік институтын енгізу ауыл шаруашылығы саласының табысын өсірді. Облысқа ірі инвесторлар келді. Иелігінде тиісті техникасы жоқ, егін егуге жағдайы келмейтін азаматтар өз жер үлестерін ірі компанияларға жалға бере бастады.

Есенгелді Қарбаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы:

-Көптеген үлкен компаниялардың жер пайдаланушы болып келуіне жол салды. Мысалы, біздің облыста алып компаниялар көп ауыл шаруашылығында. Көптеген гектар жер алды. Сонымен бізге жаңа технология, тың техника келді. Жер туралы заңның арқасында осыған жетіп отырмыз.

2003 жылы  Жер кодексі  қабылданды. Құжат жер реформасын әрі қарай жетілдіре түсті. Шаруалардың жерге қатысты құқықтары да айқындалды. Жерден келетін табыс та өсті.

Есенгелді Қарбаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы:

-Халқымызға ең керекті бабы 170- бабы. Жер үлестері бар адамдарға үш мәселе істеу керек болды. Оларға үш құқық берілді. 1.Жерді кадасторлық бағасына сатып алу, екіншісі жеке ШҚ құру құқығы берілді. 3 серіктестікке, өндірісітік кооперативтерге жарғылық капитал ретінде беруге мүмкіндік жасалды.

Осындай жұмыстардың арқасында облыста егістік алқабы жыл санап өсіп келеді. Қазір ол 3 млн 900 мың гектарға жетті. Облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Есенгелді Қарбаев биыл жайылымдарды ұлғайту жұмыстары қолға алынады дейді.

Есенгелді Қарбаев, облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы:

– Елбасының жолдауында ауыл шаруашылығына  үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе мал шаруашылығына. Малды өсіру үшін бізге жайылым керек. Жайылымдар аудандарда әр түрді. Қазір жайылымдарды қалай пайдалану туралы қарап жатырмыз. Енді жерді тек конкурс арқылы беретін боламыз.

Қазір Парламентте Жер кодексіне енгілуі тиіс бірқатар маңызды өзгерістер қаралуда. Ол жерді қайтарып алу мәселесі. Өздеріне тиесілі алқаптарды дұрыс пайдаланбаған қожалықтардың жермен қоштасуына тура келеді. Қайтарылған алқап жер өңдеп, одан пайда таба алатын тұлғаларға беріледі. Мамандар сонда ғана ауыл шаруашылығына тиесілі жер толық айналымға енеді дейді.

Дана Ғизатова